Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САРЫАҒАШТА ШИПАЖАЙ САНЫ КӨБЕЙЕТІН БОЛДЫ

САРЫАҒАШТА ШИПАЖАЙ САНЫ КӨБЕЙЕТІН БОЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданындағы сапары кезінде әуелі Көктерек кентіндегі шипажайлар аумағында орналасқан «Асем-Ай» минералды сусын өндіретін зауыттың жұмысымен танысты. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі  хабарлады.

Қазіргі таңда кәсіпорын сағатына 20 мың дана өнім өндіреді. 8 гектар аумақта орналасқан зауытта бүгінде 80-ге жуық адам жұмыс істейді.

Ауданның өндірістік қуаты мен туристік әлеуетін таныстырған аймақ басшысы Қайрат Әбдуәлиев бүгінде Қазақстаннан бөлек, көрші мемлекеттерден Сарыағаш өңірінің шипалы суын іздеп келетін туристер саны артып келе жатқандығын айтты.

«2018 жылдың І тоқсанының өзінде Сарыағаш ауданына келушілер саны 34 100 адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,1 пайызға артып отыр.  Қазіргі таңда Сарыағаш ауданында 20 қонақ үй, 12 мәдени-тарихи нысан, 1 балалар шипажайы мен лагері және 26 емдік-сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. 2018 жылдың І тоқсанында ауданда 2 шипажай іске қосылса, жалпы 2018-2023 жылдары аралығында 9 шипажай салу жоспарланып отыр», — деді Қайрат Аманкелдіұлы.

Облыс әкімі шипажайлардың санын көбейтуде әуелі демалушыларға қажетті жағдай жасау керектігін жеткізді.

Пікір жазу