Бірінші Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен әл-Фараби алаңы жұлдыздар жарқылына айналды. Еліміздің эстрада жұлдыздары мен жерлес өнерпаздарымыз: «Орда» тобы, «Кешью» тобы, Серікбол Сайлаубек және басқалары алаңға жиналған барша жұртқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Асхат ӘССАНДИ,
Азат ДИДАРБЕК