Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СИҚЫРЛЫ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

СИҚЫРЛЫ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Отырар ауданындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында мектеп түлектерінің құрметіне соңғы қоңырау соғылды. 

Жиынға Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Бұл шара Отырар жерінен түлеп ұшқан Ләззат Жабатаеваның демеушілігімен салынған «Достық» аллеясының лентасын қиып, салтанатты ашылуымен басталды. Аллея «Қазақ вальсінің королі атанған» Ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқов пен ұлағатты ұстаз Келдебек Жабатайұлы достығының құрметіне бой көтерді.


Салтанатты шарада сөз алған мектеп-гимназиясының директоры Хадиша Қылышбаева білім ордасының 2017-2018 оқу жылындағы табыстары мен жетістіктеріне тоқталса, аудан әкімі Ерлан Айтаханов осы оқу жылында түлеп ұшқалы тұрған 53 түлекке сәттілік тіледі. Ал, бітіруші түлектердің ұстаздарына, алтын ұяларына деген алғыстары шексіз.

Ал, ардагер ұстаз Құрманбай Әлшериев түлектерге сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
Сонымен қатар, Отырар ауданындағы Жамбыл және Көкмардан жалпы орта мектептерінде де соңғы қоңырау соғылып, жас түлектерге ұстаздары ақ жол тіледі.

 

(Ә.Ә.)

Азат Дидарбек тің фоторепортажы

Пікір жазу