Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Көрмеде Түркістан облысының 500-ге жуық жұмыстары қойылды

Көрмеде Түркістан облысының 500-ге жуық жұмыстары қойылды

Еліміздің бас қаласы Астанада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Астана қаласының 20 жылдығына арналған Түркістан облысының қолөнер және қылқалам шеберлерінің кешенді көрмесі өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірде жүзеге асырылған жұмыстарының бір жылдық қорытынды көрмесі елордадағы «Астана» концерт залының фойесінде ұйымдастырылды. Мұндағы көрмеге 500-ге жуық жұмыстар қойылып, Астана жұртшылығына таныстырылды.
Кешенді көрмеде келушілер назарына Түркістан облысының қасиетті, киелі жерлер тізіміне енген тарихи-мәдени орындары, мәдени іс-шараларда түсірілген көркем, анимациялық, деректі фильмдер туралы видео және суреттер, белгілі қылқалам шеберлерінің шығармалары, қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдары, облыстың көркем жерлері бейнеленген фотосуреттер, сондай-ақ, ақын-жазушылардың кітаптары мен ұлттық киімдер, Астананың көрікті орындары бейнеленген кілемдер, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген азаматтар туралы мәліметтер орналастырылған.

Астанаға тарту ретінде жасалған көрменің ерекшелігі, көрме -11 экспозициялық бөліктен құралған. Көрмеде «Оңтүстіктің киелі орындары» — Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жасалған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша қасиетті, киелі жерлердің тізіміне оңтүстіктен енгізілген тарихи-мәдени нысандардың фотосуреттері қойылады. Яғни, кешенді карта, республикалық тізімге енгізілген және жергілікті тізімге енгізілген қасиетті, киелі жерлер.

Пікір жазу