Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков жаңадан құрылған Түркістан облыстық мәслихатының сессиясына қатысты.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Премьер — Министрі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысының әкімі лауазымына Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты тағайындау туралы ұсынысты облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.
Кездесуге қатысқан жергілікті зиялы қауым өкілдері сөз алды. Жазушы Мархабат Байғұт, қоғам қайраткері Ш. Мырзахметов өңір атынан Мемлекет басшысына халықтың рухани күш-жігерін көтеретін және өңірді дамытуға жаңа серпін беретін шешім қабылдағаны үшін алғыс білдірді.
Күні кеше ғана, яғни 19 маусымда Президенттің «Қазақтан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы деп қайта аталып, әкімшілік орталығы Түркістан қаласы болды.
Мемлекет басшысының тарихи шешімімен елімізде жаңа Түркістан облысы құрылып, жаңа облыстың – жаңа әкімі тағайындалды.
(Ә.Ә.)
Азат Дидарбектің фоторепортажы