Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ДАМУ КОНЦЕПЦИЯСЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ДАМУ КОНЦЕПЦИЯСЫ

Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі Бұхарбай Парманов ауданның «2018-2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы – аудан өмірінің барлық салаларында орнықтылыққа қол жеткізу қағидаттарының көрінісін, мақсаттарын, міндеттері мен негізгі тетіктерін айқындайдығын жеткізді. Оның айтуынша, дамудың экономикалық, әлеуметтік және саяси факторлары ықпалдасуы және аудан жұртшылығының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар біртұтас ретінде қарастырылады.

Бұл жөнінде Төлеби ауданының әкімі Бұхарбай Парманов өңір тілшілеріне айтып берді.
Сондай-ақ, Төлеби ауданының аграрлық секторы заманның талабына сай шаруаларға жаңа технологияларды ендіру, өнімнің сапасын арттыру, бәсекелестікке жауап беру сынды ұтымды идеяларға бет түзеп, үлкен жетістіктерге қол жеткізуде.


Сонымен қатар, туризмді дамыту бойынша 2017 жылдың қорытындысы бойынша ауданда жалпы 35 демалыс орны тіркелген, ал ауданға келуші туристердің саны 44803 адамды құраған. 2025 жылға қарай, демалыс орындарының санын 57-ге, келуші туристердің санын 100500 адамға жеткізу жоспарлануда.

 

(Ә.Ә.)

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу