Созақ ауданындағы Созақ ауылында Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Түркістан облысының Мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен тұңғыш рет мәдениет үйлері мен ауыл әкімдерінің байланысын арттыруға арналған «Мәдениет қамқоршысы – ауыл әкімі» атты семинар-кеңес өтті.
Шараға облыстың аудан, қалаларындағы ауыл әкімдері мен ауылдық мәдениет қызметкерлері, клуб меңгерушілері қатысуда.
Семинар-кеңестің мақсаты- жергілікті әкімдік пен мәдениет үйлері және ауылдық клубтар арасындағы байланысты нығайту, бірлесе еңбек етуіне жол ашу, әріптестік қарым-қатынасты арттыру болып табылады.
Семинар-кеңес Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Созақ ауданындағы «Баба түкті Шашты әзіз», «Ысқақ баб», «Қарабура» тарихи, қасиетті орындарына зиярат етіп, танысудан басталды.