Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ ОТЫРАР АУДАНЫН АРАЛАДЫ

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ ОТЫРАР АУДАНЫН АРАЛАДЫ

Отырар ауданына барған мәжіліс депутаты Елбасымыздың сындарлы саясатына қолдау білдіріп, орталықтарға ғана емес, шалғай ауылдардың да дамуына үлесін қосып жүрген азаматтарға шынайы алғысын білдірді.
Отырарлық тұрғындары жаңалықтарының бірі — аудан орталығында салынып жатқан көпқабатты қызметтік үйлер, тұңғыш рет газ құбырларын тарту жұмыстары болатын.
Ауданға білікті мамандарды тарту, сыртта жүрген тәжірибелі де, жас мамандарды шақыру мақсатында тұрғын үймен қамтамасыз ету басты назарға алынған. Биылғы жылдың өзінде 4 көпқабатты қызметтік тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүруде. Жас мамандарға жасалар жағдай, көрсетілер көмек мұнымен шектеліп қалмақ емес. Отырардың дамуына өзіндік үлес қосуға бейілді жастардың жұмысқа орналасуы мен әлеуметтік жағдайы да қадағалауға алынады,дейді аудан басшысы.


Осы орайда облыс көлемінде тұңғыш рет Отырар ауданында «Алтын қор» резерві құрылды. Қордың мақсаты- ауданда білім алған үздік оқушылардың жоғары оқу орындарындағы білімі мен үлгерімін қадағалау, олардан байланысты үзбей, сапалы кадр ретінде елге қызметін етуіне қолдау білдіру.
Айта кетсек, соңғы жылдары аудан мектептеріндегі білім беру мәселесі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Биыл «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлерінің саны артып, талапкерлер ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен облыста алғашқы орынға ие болды.


Ауданда қалыптасып келе жатқан дәстүр аудан әкімі «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлерін жыл сайын қабылдап, талапкерлерді марапаттап қана қоймай, білікті маман болып, дипломмен туған жерге қызмет етуге шақырып келеді. Аймақтың қай саласы болса да жаңашыл, жарқын идеялы, жас мамандарды қарсы алуға әзір. «Алтын қор» резервінен күтер үміт легі де мол. Маманына маңызды жүк артып, келешегіне кемелді із қалдыруға бағытталған тың идеяға өз алғысын білдірген Мәжіліс депутаты Ф.Қаратаев «Алтын қор» жобасы өзгеге үлгі болар іс екендігін сүйсіне жеткізді.

Халықтың коммуналдық мәселесі де түйткілді шешімін тауып келеді. Бүгінгі таңда Шәуілдір, Темір, Ш.Қалдаяқов ауылдарында газ құбырларын тарту бойынша құрылыс жұмыстары басталып кетсе, Ескі Шілік, Жаңа Шілік, Ақтөбе елдімекендерінде жақын күндері жүзеге асып, тарихи сәт ретінде бағасын алған газдандыру 7 елдімекен тұрғындарының қуанышын еселемек.

Пікір жазу