Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҰРБЕКОВТІҢ ТІРЛІГІ ТУРА

ТҰРБЕКОВТІҢ ТІРЛІГІ ТУРА

2018 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 146,4 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,4 миллиард теңгеге артты. Бұл туралы Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков баяндап берді. Серік Ордабекұлының айтуынша, ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі 4686,4 миллион теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34%-ды құрады. 
Облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егіс көлемі 820,5 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 15,5 гектарға артқан.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 6 айында мал басы: Ірі қара малдың саны 6,7%-ға (1084,6 мың), қой мен ешкі 5,2%-ға (5229,7 мың), жылқы 9,6%-ға (325,9 мың), түйе 6,7%-ға (29,4 мың), құс 13,8%-ға (1766,8 мың) артқан.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда өңірде 60 мыңнан аса үй шаруашылықтары мен шағын фермер мүшелерінен құралған 704 ауыл шаруашылығы кооперативтері тіркеліп, жұмыстарын жүргізуде.

(Ә.Ә.)

Пікір жазу