Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » «САМҒАУ-2018» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

«САМҒАУ-2018» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысының «Жастар ресурстық орталығы» өңіріміздегі жас режиссерларға қолдау көрсету мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде «САМҒАУ-2018» қысқаметражды бейнефильмдер байқауын ұйымдастырып келеді.

Байқауға аймақтың кез-келген 14 пен 29 жас арлығындағы тұрғыны еркін тақырыпта 5 минуттан — 15 минут аралығында бейнефильм түсіріп, қатыса алады. Биылғы байқау Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналды. Байқауға қатысу үшін 40-тан астам фильм ұсынылып, оның ішінен 20 фильм іріктеліп алынды. Іріктеуден өткен фильмдер арасында: «Элюзия», «CEITNOT», «Мейірім аңсағандар», «Инстинкт», «Балық сорпа», «105», «Анама», «Қараөткел», «Отау», «STOP», «Әркім өзін ойлайды», «Дос» және тағы сол секілді бейнефильмдер бар.

Дарынды жастарды қолдап, оларды халық арасында танытуды мақсат тұтқан бұл қысқаметражды фильмдер фестиваліне аудан, қалалардан талантты, болашақ киножұлдыздарымыз қатысты.

Ал сайысқа қатысушылардың  шеберлігі мен кәсібилігін белгілі операторлар мен клипмейкерлер, театр актерлары мен блогерлер, композитор мен режиссерлер бағалады.

Нәтижесінде ІІІ-орынды «СТОП»  бейнефильмінің режиссері Хамит Муталиев иеленсе, ІІ-орынды «Дос» бейнефильмінің режиссері Олжас Омаров иеленді. Ал, І-орын «Балық сорпа» бейнефильмінің режиссері Әлішер Жәдігеровке бұйырып, Бас жүлдеге «Анама» бейнефильмінің режиссері  Жандос Бабаханов ие болды.

Үздік фильм режиссерлары мен үздік номинация иегерлерін облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр марапаттап, арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтарды  табыс етті.

Пікір жазу