Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымқалада  көпқабатты үйлердің қасбеті жаңартылуда

Шымқалада  көпқабатты үйлердің қасбеті жаңартылуда

Миллион тұрғыны бар Шымқала күннен-күнге ажарланып келеді. Қалада күн санап зәулім тұрғын үйлер мен сәулетті көз тоқтатарлық нысандардың саны артуда. Осы орайда биыл Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылып, 20 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті ретке келтірілмек.

Бұл жұмыстар үшін қала тұрғындары ешқандай қаржы шығармайды, тіптен бюджет қаржысы  да жұмсалмайды. Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асқан игі бастамалардың бірі. Қасбеттер қалалық сәулет бөлімі бекіткен эскизбен боялуда. Әртүрлі бояулар қолданған үйлер, яғни балкондары — қоңыр, ал қабырға — ақшыл сары түс, бір-бірімен үйлесім табады.

Еске салсақ, қасбеттерді жаңарту бағдарламасы бір жылдан аса уақыт бұрын жасалған. Ондағы басты мақсат — қаланың көркін аша түсіп, жаңаша келбет қалыптастыру болып отыр. Үшінші мегаполиске сай қала көркін ашып, жаңаша келбеті жасап, ажарландыруды мақсат тұтқан әкімдіктің қызметіне сәттілік тілейміз.

Пікір жазу