Халық саны 1 миллионды еңсерген Шымкент қаласының даталы мерекесін атап өтуіне орай Наурыз алаңында көпшілік тұрғындардың қатысуымен «Миллионмен бірге жарқырайық!» тақырыбында кең ауқымды флешмоб ұйымдастырылды.
Наурыз алаңында өткен шараға шаһар тұрғындарымен бірге қала басшысы Нұрлан Сауранбаев та қатысты. Ауа–райының қолайсыздау болуына қарамастан қызықты шараны тамашалауға келген тұрғындардың қарасы кең әрі миллиондық атанған туған қаласының, шымшаһардың қуанышына ерекше белсенділік танытты.
Іс-шара өткен сәтте қаланы электр көзінен ажырату арқылы 1 млн. киловатт электр энергиясы үнемделді.
Осылайша миллионды еңсерген Шымкент қаласының даталы мерекесін атап өтуге жиналған мыңдаған тұрғындар көкке шам ұшырды.
Шара барысында тұрғындар бір мезетте мыңдаған қалта шамдарына тілектерін жазып, оны жағу арқылы туған қаласына деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігін білдірді.
Айта кетейік, бұл флешмоб эко-акцияға ұласты. Іс-шара соңында қатысушылар қоқысты тазалауға да атсалысты.
(Ә.Ә.)
Асхат Әссандидің фоторепортажы