2017-2018 оқу жылында Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты –129 жалпы білім беретін мектептерінде – 177 256 оқушы білім алуда.
Жазғы маусымда демалыс пен қамтылуы тиіс 1-10 сынып оқушыларының саны – 156 379 оқушы. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда 9 785 оқушыға артып отыр.
Оның ішінде — көп балалы отбасы балалары — 15 082, аз қамтылған отбасы балалары – 9 266, жартылай жетім балалары — 4 899, жетім ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар — 789.
Жалпы саны – 30 036 бала әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы балалары. Бұл барлық бала санының 17% –ын құрайды.
Биыл оқушылар сарайына қарасты «Ақсу» лагерінде 1200 оқушы, «Арман» лагерінде 4041 оқушы («Арман-1» лагерінде 2021 оқушы, «Арман 2» лагерінде 2020 оқушы), «Үшбұлақ» лагерінде 1000 оқушы, «Машат» лагерінде 1000 оқушы демалатын болады. Жалпы 7 241 оқушы демалады. Бұл әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы балаларының 24 %-ын құрап отыр.
Қала сыртындағы лагерлермен қатар, мектеп жанындағы мектеп алды алаңдары жұмыс жасайтын болады.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушлықтың алдын алу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 12 аула клубында ақысыз үйірмелер ашылып, көпшілік мәдени іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар, аталмыш аула клубтарындағы балаларды ата-аналардың демеушілігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облысымыздағы тарихи-мәдени орындарға экскурсия, саяхатқа апару жұмыстары жүргізіледі. Балалардың бос уақытын тиімді өткізу тұрақты бақылауға алынады.
Барлық жазғы сауықтыру орталықтары қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан жұмыс жүргізу үшін рұқсат қағаздарын алып, залалсыздандыру (дезинфекциялау) жұмыстары жүргізілді.
Барлық лагерлерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, осы жылдың 5 маусымынан бастап балаларды қабылдады.