Жуырда Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «№100 Жұлдыз жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында тұрғын «Нұрлы жер» бағдарламасын қаланың жас отбасылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті.
Жастар арасында қай қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар болсын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырғанның еш артықшылығы жоқ. Бүгінгі студент – ертеңгі маман, ертеңгі елдің болашағы.
Осы мақсатта өткізілген кездесуге Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметшілері мен сала мамандары елімізде жастарды қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске аса бастаған «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы туралы ақпарат беріп, аталған бағдарламаның барлық мүмкіндіктеріне тоқталып, жастарға кеңінен мағлұмат берді.
Басқосу барысында тыңдаушылар өздерін қызықтырған сауалдарына нақты жауаптар алды.