Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Бизнесіңізді сақтандырыңыз

Бизнесіңізді сақтандырыңыз

«Біз үнемі кәсіпкерлерді« KazakhExport» компаниясымен белсенді түрде жұмыс істеуге шақырып, олардың міндеттерінің бірі банктер экспорттаушыларды несиелендіріп, оның ішінде ұзақ мерзімді несие беру екенін түсіндіріп отырмыз. Кәсіпорындарға кепілдік жетіспеушілігін сезінген жағдайларда, «KazakhExport» компаниясының экспортты сақтандыру қызметін пайдалануға кеңес береміз. Бұл құрал басқа мақсаттарға да арналған – сақтандыру қорғанысы болған жағдайда, несие берудің пайыздық мөлшерлемесін төмендетуге болады, себебі «KazakhExport» банктік несиелерді қамтамасыз ету болып табылады. Сақтандырудың басқа артықшылықтары арасында өнімдерді экспорттау кезінде кейінге қалдырылған төлемдер мүмкіндігі. Бұдан басқа, сақтандыру шартында міндеттемелерді орындау шетелдегі контрагентке тәуелді болмаған жағдайда, сақтандырудың саяси мінез болған жағдайда шығынды азайтуға мүмкіндігі болады», – деді Бақытжан Сейтынбетов. Бүгінгі таңда мемлекеттік экспортты қолдау құралдарын пайдаланған компаниялар табысты жұмыс істеуде. «Шымкентмай» АҚ өз өнімдерін Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанға экспорттайды. Мотор майы өндірушісі «HILL Corporation» ЖШС және экспорттық несиелерді сақтандыру туралы шартқа қол қойған «Бал Текстиль» кілем фабрикасы Ресейге өз өнімдерін жеткізуде. Аталмыш компаниялар индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының шарапатын көрген кәсіпорындар.

Пікір жазу