Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Еңбегімді елеген екі әкім

Еңбегімді елеген екі әкім

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫН ОН ӘКІМ БАСҚАРҒАН ЕКЕН:

1) 1992 – 1994 жылдары – Марс Фазылұлы Үркімбаев (23 қараша 1939, Алматы – 18 ақпан 2012) –
қоғам қайраткері, ғалым, техникалық ғылым докторы, профессор, ҚР Инженер академиясының академигі. Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген.
2) 1993 – 1997 жылдары – Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков (15 желтоқсан 1951, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы) –
мемлекет қайраткері, дипломат, ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ химия-технологиялық институтын және Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
3) 1997 – 1998 жылдары – Қалық Абдуллаұлы Абдуллаев (28 маусым 1942, Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір (қазіргі – Төлеби) ауданы, Қасқасу ауылы) –
экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік Академиясының және Халықаралық Инженерлік Академиясының академигі. Ташкент политехникалық институтын, Мәскеу қаласындағы КОКП ОК Қоғамдық ғылымдар Академиясын және КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы Академиясын бітірген.
4) 1999 – 2002 жылдары – Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев (09 сәуір 1953, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы) –
мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті мүшесі. Алматы Халық шаруашылығы институтының жоспарлау экономикалық факультетін бітірген.
5) 2002 – 2006 жылдары – Болат Әбжаппарұлы Жылқышиев (18 қыркүйек 1957, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Абай ауылы) –
мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақ химия-технологиялық институтын, Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін бітірген.
6) 2006 – 2007 жылдары – Өмірзақ Естайұлы Шөкеев (12 наурыз 1964, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы) –
экономика ғылымдарының кандидаты. Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген.
7) 2007 – 2009 жылдары – Нұрғали Сәдуақасұлы Әшім (10 қазан 1959, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы) –
экономика ғылымдарының кандидаты. Мәскеу экономика-статистика институтын және аспирантурасын бітірген.
8) 2009 – 2015 жылдары – Асқар Исабекұлы Мырзахметов (01 қазан 1962, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы) –
ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты. Алматы зооветеринарлық институтын, Бүкілодақтық мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын, Қазақ менеджмент және маркетинг институтын бітірген.
9) 2015 – 2016 жылдары – Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов (19 мамыр 1964, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы) –
мемлекет қайраткері, дипломат, ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ политехникалық институтын, Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы универститетін бітірген.
10) 2016 жылдан бері – Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев (08 шілде 1958, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Қайнар ауылы) –
мемлекет қайраткері, дипломат, ғалым, филология ғылымдарының докторы. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін бітірген.
2000-жылды Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мәдениетті қолдау жылы» деп атаған болатын. Осыған орай, сол кездегі облыс басшысы Бердiбек Машбекұлы Сапарбаевтың жеке бастамасымен Шымкент қаласында тұратын, облыс пен республика көлемінде танылып жүрген бірқатар қаламгерлер мен өнер майталмандарына, зиялы қауым өкілдері мен ұстаздарға арнайы пәтер кілттері табыс етілген болатын. Жүзге жуық адам енген тізімге ойламаған жерден мен де ілініп, отбасыма Байтұрсынов көшесі бойынан 6-бөлмелі пәтер бұйырды.
Күні кеше өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қол қойған шешімге сәйкес, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталдым. Еңбегімді елеусіз қалдырмаған азаматтардың бәріне алғысым шексіз, рахмет айтамын!..
 
Әсет Әссанди

Пікір жазу