Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Гауһар» фабрикасында сапалы өнімдер бар

«Гауһар» фабрикасында сапалы өнімдер бар

Қолдау бар жерде экономикалық өрлеу бар. Шымкент қаласындағы ең ірі «Гауһар» тігін фабрикасы да мемлекет қолдауымен ісін ілгері бастырып отыр. Жекешелендірудің жарқын үлгісі болған кәсіпорын — бүгінде 250 қыз-келіншектің тұрақты жұмыс орны. Фабрика өнімдері тек отандық нарыққа ғана емес, сонымен бірге ел аумағынан тысқары жерлерде де танылып үлгерген.

Тоқырау жылдары «Гауһар» ісі тұралап қалған «Сенім» АҚ-ы базасына орнықты. Тыңғылықты жұмыстардың нәтижесінде фабриканың барлық қарызы өтелді. 50 жұмыс орны әрең сақталып қалды. Шағын кәсіпорын тоқыраудың бұғауынан босады. Қайта күш алып, өнім көлемін ұлғайтты. Қазір мұнда 300 тігін мәшинесі тоқтаусыз жұмыс істеп тұр.

Фабрикаға мемлекеттік «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы дем беруде. 2011 жылы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан үшінші фабриканы салуға жол ашылды. Қазір тұтас кәсіпорынның тасы ілгері домалаған. Оған Түркия мен Жапониядан әкелінген заманауи құрылғылардың септігі мол. Күніне 250-500 дана киім тігіледі. Сапасында мін жоқ. Сәнді. Тігісі мықты. Сәйкесінше, сұраныс та жоғары. Яғни, отандық кәсіпорынның болашағына сенуге негіз бар.

Пікір жазу