Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкент әкімдігі әлеуметтік жағдайы қиын әйелдерге қолдау көрсетпек

Шымкент әкімдігі әлеуметтік жағдайы қиын әйелдерге қолдау көрсетпек

Шаһар әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тұрақты табысы жоқ, балалары қолына қараған аналарға лайықты қолдау көрсетуді ұсынды. Аналардың белгілі бір кәсіби мамандықтар бойынша білімін жетілдіруіне және өз ісін ашу үшін жеңілдікпен несие алуына қолдау жасалмақ.

– Көбіне менің қабылдауыма келген азаматшалар күйеулерінің жұмыс істемейтінін, отбасын асырауға бей-жай қарайтынын не болмаса отбасын мүлдем тастап кеткенін ашына отырып айтады. Мұндай әйелдер жарқын өмірден үмітсіз де емес, — деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов. — Дегенмен, күнделікті тапқан табысы балаларын қатарынан кем қылмай бағып-тәрбиелеуге мүмкіндік бермейді. Өздері отбасының бақытты ғұмыры үшін еңбек етуге дайын. Сондықтан біз оларға лайықты жәрдем көрсетуіміз керек. Бұл тұрғыда біздің міндетіміз – олардың өз ісін жүргізіп, аяғына нық тұрып кетуіне ықпал ету.

Осы мақсатта Ғ.Рахматоллаұлы қала әкімдігінің аппараты мәжілісінде жауапты сала мамандарына тағдыр қиындығын тартқан әйелдер үшін шағын бизнесті дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырып, бір ай уақыт берді.

Бағдарламаның негізгі бағытына сәйкес өз ісін ашуға ниетті әйелдер өзі таңдаған мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстан өтуі тиіс. Ол курстардың арасында шаштараз, маникюр, массаж жасаушы, аспаз немесе тігінші секілді мамандықтар бар. Осы арқылы олардың өз шағын бизнесі және тұрақты табысы болады деп күтілуде.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта қала аумағында тұрақты жұмыс орындарына мұқтаж 10 мыңға жуық әйел тіркелген.

Пікір жазу