Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Облыс әкімі жылыту маусымына дайындық шараларын жіті бақылауды тапсырды

Облыс әкімі жылыту маусымына дайындық шараларын жіті бақылауды тапсырды

Облыс әкімдігінде жаңа оқу жылының басталуына дайындық жұмыстары туралы өткен селекторлық мәжілістің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Түркістан облысында 2018-2019 жылдардың жылу беру маусымына дайындық барысы сөз болды. Бұл туралы  облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайымның баяндамасы тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, бюджеттік мекемелерде, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындарда қазандықтарды дайындау, жылу жүйелерін шаю, тазалау, гидравликалық сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда облыстағы 2834 бюджеттік мекеменің 2313-сі, яғни, 82% пайызы жылыту маусымына дайындалған. Білім саласы бойынша 1289 мекеменің 945-інде жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілген. Облыстағы 788 денсаулық сақтау мекемесінің 761-і қысқа дайын. Сонымен қатар 568 мәдениет, 58 спорт нысаны жылыту маусымына әзір. Алдағы жылу маусымына облыстағы бюджеттік мекемелерге қажетті қатты отын көлемі 169,1 мың тонна болса, тасымалданғаны 91,7 мың тоннаны (55%) құрап отыр. Облыстағы бюджеттік мекемелерге 5988,9 мың тонна сұйық отын қажет болса, қазір 3500 мың литрі әкелінген. Облыстағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамту бағытында да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыс бойынша бюджеттік мекемелерге, жылу беретін кәсіпорындарға және жеке тұрғындарының алдағы күзгі-қысқы маусымға көмірге жалпы қажеттіліктері 1 177,6 мың тоннаны құрайды. Бүгінде 502 мың тоннасы тасымалданған.

Жансейіт Түймебаев жылыту маусымына дайындық барысындағы кейбір кемшіліктерге байланысты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты жандандыру керектігін айтты.

Пікір жазу