Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Жетісайлық диқандардың жаңалығы -2

Жетісайлық диқандардың жаңалығы -2

Биыл Түркістан облысы, Жетісай ауданында 15019 гектар жерге бақша өнімдері егіліпті. Әзірдің өзінде алынған өнім көлемі 405046,2 тоннаға жуықтаған. Оның ішінде 8621 гектарға қауын егілсе, гектарына 269,3 центнерден өнім жиналуда. Қазірдің өзінде диқандар қауыннан 232184 тонна өнім жинап үлгерген. Бұл көлем күннен күнге артпаса, кемімейді. Өйткені қауын жинау науқаны әлі де жалғасуда.

Бүкiл республикаға «ақ алтын» өсiрумен танылған іріленген Мақтаарал ауданының шаруалары соңғы 10 жылда қауын-қарбыз егумен түпкілікті айналысуда. Рас, соңғы жылдары мырзашөлдіктер өсірген қауын-қарбыз Орта Азияда көшбасында келеді. Жетісайлық диқандар осы жылы 6397,8 гектарға қарбыз ексе, өнімділігі гектарына 270 центнерге дейін артқан. Бүгінге дейін ауданда 172862,2 тонна қарбыз өнімі жиналып, арысы Еуропа, берісі Ресей елдеріне жөнелтілуде. Мұндағы диқандар шамамен жылына 650-700 мың тоннадан астам қауын-қарбыз жинайды.

Соның шамамен 450 мың тоннадайы экспортқа жол тартады. Қарап отырсаңыз, жаман көрсеткіш емес. Пайдаға бірден кенелмесе де, күнкөріске кәсіптері жарап-ақ тұр. Мырзашөлдіктердің қауын-қарбыз өсіруді жетік меңгергені соншалық, мұнда бақша дақылдарының экспортқа жарамды неше түрлі сұрыптары өсіріледі. Бұл да болса диқандардың сұранысқа қарай икемделіп алғанының көрінісі.

Пікір жазу