Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Туған күніңмен, Астана!

Туған күніңмен, Астана!

Астана қаласыныңң 20 жылдығынна орай еліміздің барлық өңірлерінде мерекелік іс-шаралар өтуде. Елорда күнінің айшықты аталып өтуі Шымкент жұртшылығы үшін де өте маңызды. 5-шілде күні Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен қаламыздың Орталық саябағында мерекелік іс-шара болып өтті.

Мерекелік іс-шарада алғаш болып сөз алған аудан әкімі Б.Қалжанов жиналған қауымды Астанымыздың төл мерекесімен құттықтап, тәуелсіздігіміздің тірегі, сүйікті Отанымыздың жүрегі, халқымыздың мақтанышы — елордамыз Астана қаласының төл мерекесімен шын жүректен құттықтады, шымқала Шымкентіміздің де еліміздің Астана мен Алматы қалаларынан кейінгі үшінші мегеполис қалалардың қатарына кіріп, Астанадай әсем қалаға айналуда деп атап өтті.


Мерекелік іс-шарада ауданымыздың өсіп-өркендеуі мен қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталса, көпшілік қауым назарына фото, кітап көрмесі, спорттық сайыстар мен концерттік бағдарламалар ұсынылды.

Пікір жазу