Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮЙМЕБАЕВ БАСТАҒАН ҰЛЫ КӨШ

ТҮЙМЕБАЕВ БАСТАҒАН ҰЛЫ КӨШ

 

Облыстық әкімдік іскерлік орталығында Түркістан облысының басқарма қызметкерлері мен облыс орталығының Шымкенттен Түркістанға көшуіне байланысты қызметтері Түркістан қаласына ауысқан азаматтарды шығарып салу салтанаты өткізілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері  Шымкент қаласынан облыс орталығы — Түркістан шаһарына көшті. Тарихи сәтте жолбасшы болған өңір басшысы Жансейіт Түймебаев екі ғасыр бойы Қазақ хандығының астанасы болған, маңызды шешімдер қабылданған Түркістанға атбасын бұрып, қызмет етуге бара жатқан азаматтар, жалынды жастар тарих алдындағы ұлы мұраттарының бірін орындап жатыр деуге толық негіз бар екенін айтты.

Шымкенттен көшіп шығу салтанатты шарасында белгілі жазушы, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт пен Мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметовтер құттықтау сөз сөйлеп, әкімдік қызметкерлеріне қызметте жетістіктер мен табыс тіледі. Шара аясында шығарып салу шарасына келушілерге қымыз сусыны мен бауырсақ таратылып, тарихи көштің көрігін ашты.

Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев бастаған көштің құрамында облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы, облыстық мәслихат хатшысы мен аппараты, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы және аппараты, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және қызметкерлері, облыстың зиялы қауым өкілдері, облыс ардагерлері, құзырлы орган басшылары, әкім аппараты қызметкерлері, 28 аумақтық департаменттің басшылары мен қызметкерлері, 24 облыстық басқарма басшылары мен қызметкерлері, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері сынды, жалпы саны, 1 мыңға жуық адам бар.

11 автобусқа жайғасқан көш құрамын Түркістан шаһарының әкімдігі күтіп алды.

 Еске салайық, биыл, 19 маусымда Елбасы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түрістан облысы деп қайта құру және оның орталығын Шымкенттен Түркістан қаласына көшіру туралы тарихи Жарлыққа қол қойған-ды. Елбасының бұл шешімі – Түркістанның қайта түлеп, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын жаңа орталыққа айналуына жол ашты. Облыс орталығы атанған Түркістан қаласы ендігі жерде еліміздің ғана емес, бүкіл Орта Азияның, тұтас түркі әлемінің белгілі сауда-экономикалық және рухани-мәдени орталықтарының бірі болары сөзсіз.

 

Аят Әсетұлының фоторепортажы

Пікір жазу