Найб мүфти мешіт имамына баспана кілтін табыстады, деп хабарлайды ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жуырда Түркістан облысы, Жетісай қаласына ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, найб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов арнайы іс-сапармен келді.
Іс-сапар аясында найб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов көп жылдардан бері мешіт саласында қызмет етіп жүрген 6 баланың әкесі, қалалық «Нұр-Жетісай» мешітінің имамы Абдурахман Нурматовқа баспана кілтін табыс етті.
Найб мүфти өзінің ыстық ықыласын білдіріп, қайырымдылық шараларына белсене ат салысқан мешіт жамағатқа алғысын білдіріп, қуаныш иелеріне көрімдік ретінде ретінде газ плитасын сыйға тартты.
Қасиетті «Құрбан айт» мереке қарсағында орын алған бұл қуанышты жағдай көпбалалы отбасына үлкен қуаныш болды.
Айтулы шараға аудан имамы Б.Сыздықов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Исаевтар қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Баспанасы құтты һәм берекелі болғай!