Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «Қауын фест» фестивалі шақырады!

«Қауын фест» фестивалі шақырады!

Жетісай және Мақтаарал аудандары барша түркістандықтарды 24 тамыз күні Жетісай қаласындағы орталық саябақта өтетін облыстық «Қауын фест» фестиваліне шақыруда.

Шараның мақсаты – ішкі туризмді дамытып, бақша дақылдарынан өндірілетін өнім түрлерін терең өңдеу арқылы кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру. Сондай-ақ, диқандардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, бақша өнімдеріне сұранысты жоғарылату арқылы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету. Осы мақсат-міндеттерді межелеген іс-шара 24 тамыз күні сағат 11:30- да басталады.

Шараға Жетісай мен Мақтаарал аудандарынан бөлек, облысымыздың 8 ауданынан шаруалары өз өнімдерін әкеліп, жұртшылық назарына ұсынатын болады. Фестиваль барысында түрлі спорттық жарыстар мен карвингшілер сайысы, «Ең үлкен қауын», «Ең дәмді қарбыз», «Ең дәмді қауын» тағы басқа да номинациялар бойынша жеңімпаздарды бірге анықтайтын боламыз.

Әсем ән тыңдап, әуезді көңіл күйде, тәттілігі тіл үйірер қауын-қарбыздан дәм татамын десеңіз мархаббат, 24 тамыз күні Жетісай ауданына асығыңыздар!

Пікір жазу