Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОБЛЫС БАСШЫНЫҢ КЕЛЕС АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

ОБЛЫС БАСШЫНЫҢ КЕЛЕС АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Келес ауданына барды. Онда әуелі, Ошақты ауылдық округіндегі 600 орындық №105 Қоңыртөбе жалпы орта мектебінің ашылу салтанатына қатысты. Кейін өңір басшысы Қошқарата ауылдық округіндегі «Қайнар» ЖШС-нің тың жобасымен танысты.

Жобаның негізгі бағыты — қымыз өндіру және ат спортын дамыту. Бүгінде серіктестік жалпы саны 50 сауынды биеден күніне 150-200 литр қымыз өндіріп отыр.
Сондай-ақ, Жансейіт Қансейітұлы Жүзімдік ауылдық округінде орналасқан Келес өзеніндегі Оймауыт су бөгетіне тұрақтап, ондағы нысанның жағдайына қанық болды.


Облыс әкімі бастаған сапар Жуантөбе елді мекеніндегі «ТМ-Строй-21» ЖШС-нің пресс жіп иіру және қыш зауыттарының жұмыстарымен танысумен жалғасты. Жобаның жалпы құны – 250 млн. теңге, өндіріс орны жылына 1000 тонна пресс жібін дайындайды. Ал жобалық құны 160 млн.теңгені құрайтын қыш зауытының жылдық қуаттылығы 32,4 млн. дананы құрамақ. Биыл құрылысы басталған өндіріс орны 2020 жылы толық іске қосылады.

(Ә.Ә.)

Аят Әсетұлының фоторепортажы

Пікір жазу