Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА – ЖАҢА МЕКТЕП

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА – ЖАҢА МЕКТЕП

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданына барды. Жансейіт Қансейітұлы алдымен, Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылдық округінде орналасқан 600 орындық орта мектептің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Облыс әкімі мемлекет тарапынан білім саласына көңіл бөлініп жатқанын, білім ұяларының саны артқанын айта келе жаңа мектептің ұстаздары мен оқушыларына сәттілік тіледі.

Заман талабына сай жабдықталған мектеп құрылысы 2017 жылдың мамыр айында басталып, биылғы тамызда аяқталып отыр. Құрылыстың сметалық құны —1 414,7 млн. теңге. Оған республикалық бюджеттен қаржы бөлінген.

Сондай-ақ, өңір басшысы Сарыағаш қаласында орналасқан №71 мектептің қосымша 300 орындық оқу ғимаратының да ашылу салтанатына қатысты. Сметалық құны 846,34 млн. теңгені құраған нысанның құрылысы 2017 жылдың маусым айында басталып, 2018 жылдың тамыз айында тапсырылды. Құрылыс жұмысын «Лидер НК» ЖШС-гі жүргізген.

Облыс әкімі Сарығаш қаласының кіре берісінде орналасқан «Саялы Сарыағаш» аллеясында Сарыағаш қаласының инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобалармен танысты. Аудан әкіміне Сарыағашты дамыту шараларын жандандыру жөнінде тапсырма берді.

 

(Ә.Ә.)

Аят Әсетұлының фоторепортажы

Пікір жазу