Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді — 1

ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді — 1

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметіне сілтеме жасаған didarek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жұмыс сапары аясында жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдарды көшіру мәселелері туралы кеңес өткізді.

Кеңес барысында мемлекеттік органдарды көшіру процесі талқыланды, сондай-ақ Түркістанның және жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму преспективалары қаралды.

Кеңесті ашқан Бақытжан Сағынтаев 19 маусым күні Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойғанын еске салды, осылайша, Түркістан облыс орталығы атанды. Жарлықты іске асыру үшін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Маминнің төрағалығымен Түркістан облысын дамыту преспективалары жөніндегі Комиссия құрылды.

Маусым айында Түркістанға барған комиссия мемлекеттік органдарды көшіру, түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістанның дамуының Бас жоспарын әзірлеуге конкурсты ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын қарастырды.

Облыста мемлекеттік органдар мен ұйымдардың үздіксіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша негізгі іс-қимылдарды қамтитын тиісті Жол картасы бекітілді.

Пікір жазу