Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТЫРАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

ОТЫРАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Отырарлық қызметкерлер ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысымен кездесті, деп хабарлайды Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі.

Отырар ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев мемлекеттік қызметшілермен арнайы семинар-тренинг өткізді.


Семинарға аудандағы мемлекеттік мекемелер мен бөлім басшылары, мемлекеттік қызметшілер және мектеп директорлары қатысты. Жиынды аудан әкімі Ерлан Айтаханов жүргізіп отырды.
Басқосуда сөз алған департамент басшысы мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жиынның мән-маңызына тоқтала келе, жемқорлық пен құқық-бұзушылықты туғызатын себептер мен жағдайларды алдын алып, оларды жою, мемлекеттік қызметшілердің білімін көтеру, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы жүргізілетін шаралардың жариялылығы мен ашықтығын үйлестіру туралы айтты.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың адамзат баласына тигізген зардабы жайында бейнеролик көрсетілді.


«Еліміз Тәуелсіздік алып, бүкіл дүние жүзіне танылдық. Дүние жүзіне қазақ елі біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғамның дамуында жаңа жол айқындалып, туындаған әртүрлі кеселдерден айығу ең басты міндет болып тұр. Оның ең бастысы- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылып отырған сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметшілердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Өйткені, оған елдің болашағы ғана емес, əр адамның тағдыры да байланысты» — деп аудан әкімі Ерлан Айтаханов ауданға арнайы ат басын бұрған департамент басшысына отырарлықтар атынан шынайы алғысын жеткізді.
Семинардан соң ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, пікірлері мен өтініштерін тыңдады.

Пікір жазу