Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА АЛПАУЫТ ЕЛДЕР ҚАТЫСАДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА АЛПАУЫТ ЕЛДЕР ҚАТЫСАДЫ

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың айтуынша, келесі жылдан бастап жаңа облыс орталығында бірнеше аурухана мен емханалар, перзентханалар мен заманауи талапқа сай емдеу орталықтары бой көтермек. Жобалау жұмыстарына шетелдік компаниялар да тартылады деп күтілуде.

Жоспар бойынша облыс орталығынан 610 орындық облыстық көпсалалы аурухана салынады. Екіншіден,облыстық балалар ауруханасына қосымша 150 орындық ғимарат құрылысын бастау қолға алынып жатыр. Сондай-ақ, 500 келушіге арналған емхана мен облыстық қан және СПИД орталықтарының, туберкулезге қарсы және онкологиялық диспансердің құрылысы басталады. Бұл мақсатта жобалау-сметалық құжаттарына қажетті қаржы бөлінді, — дейді басқарма басшысы.

Жобалау жұмыстарына шетелдік компаниялар да тартылады деп күтілуде.

— Медициналық мекемелердің жетіспеуі мәселесін шешу үшін жұмыстар жүріп жатыр. Шымкентте орналасқан клиникалар және балалар ауруханасы сол жақта қала береді. Облыстық туберкулезге қарсы және жүйке аурулары диспансері, екі бірдей перинаталдық орталық жұмысы жалғасады. Мұндай тәжірибе Алматы облысында да, Астанада да бар. Себебі, шалғай орналасқан Мақтаарал, Шардара сияқты аудан тұрғындарына Түркістанға қатынау қиынға соғады. Шымкенттегі бұрынғы облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы екі кабинетте арнайы мамандарды қалдырып отырмыз, — деді Мұқан Егізбаев.

Сонымен қатар, Түркістан облысына бірнеше медициналық нысанды салу үшін республикадан қаражат бөлу сұралған. Мәселен, Түркістандағы перинаталдық орталықтың жанынан қосымша 150 орындық ғимарат салу қажеттігі туындап отыр. Кентау қаласы мен Сайрам, Жетісай аудандарына, Мырзакент пен Атакент кенттеріне 5 емхана салуға да республикадан қаржы бөлу жағы қарастырылуда. Сондай — ақ, дәрігерлердің біліктілігін арттыру мәселесі жүзеге асып жатыр. Жақында түркістандық мамандар Ресейге барып, сондағы білікті дәрігерлермен тәжірибе алмасып келеді.

Пікір жазу