Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту мақсатында жиын өтті

Қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту мақсатында жиын өтті

Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «ОҚО талдау және болжау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу мәселелерін түсіндіру, қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту мақсатында кездесу өтті, деп хабарлайды бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаға didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Кездесу Бәйдібек ауданында 06 қыркүйек күні аудан, ауыл округтерінің мемлекеттік қызметкерлері, қоғамдық кеңес, жергілікті қоғамдастық мүшелері, тұрғындардың қатысуымен өтті.


Кездесуді Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ө.Алдамжаров жүргізіп, Бәйдібек аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы С.Спабеков қоғамдық мәні бар мәселелер, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу, азаматтардың ұсыныс пікірлерін тыңдап, кеңес берудегі қоғамдық кеңестің жұмысына тоқталды.

Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Т.Дәрменбаев, «Мемлекеттік қайта даярлау орталығының» оқытушысы С.Байзахова жергілікті өзін-өзі басқару салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, кездесіп отырған мәселелер мен жетістіктерін айтса, қоғамдық кеңес мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисті С.Тұржан, Түркістан облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, Республикалық Чернобль ардагерлері және мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Б.Әшірбаев қоғамдық кеңестер атқаратын жұмыстары, қоғамдық кеңестің мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылау орнату, әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпалы, мақсаты мен міндеттері бойынша баяндама жасалды.
Кездесу пікір алмасу, сұрақ-жауапқа ұласып, ұсыныстар алынып, қорытыланды.

Пікір жазу