Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРМЕН ТАНЫСУДЫ БАСТАДЫ

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРМЕН ТАНЫСУДЫ БАСТАДЫ

Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов елді мекендердегі өзекті мәселелермен танысу үшін Достық және А.Қалыбеков ауылдық округтерінде болды, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі.

Ең алдымен өңір басшысы Достық ауылдық округіне қарасты 6 елді мекенді және ондағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандарды аралап көріп, тұрғындар тарапынан айтылған өзекті мәселелерді тыңдады.

Достық – Мақтаарал ауданындағы халқы ең көп және ең көп ұлтты ауылдық округ саналады. 11283 гектар жерде 16 мыңнан аса тұрғын тату-тәтті ғұмыр кешуде. Негізінен егіншілікпен айналысатын өңірде 9665 гектар суармалы егістік жер бар. Сондай-ақ, мұнда мал шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, 5236 ірі қара, 12834 уақ мал, 394 жылқы, 4900 құс тіркеуде тұр. 4 шаруа жанұялық сүт фермасымен және 10 шаруа мал бордақылаумен айналысады.

Округте барлығы 5 мектеп, 8 балабақша, 5 денсаулық сақтау мекемесі, 3 почта қызметі, 1 мәдениет үйі, 2 кітапхана, 11 сауда нүктелері халыққа қызмет көрсетуде.

Достық тұрғындары тарапынан негізінен елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету және ішкі көшелерге асфальт төсеу мәселесі көтерілді. Сондай-ақ, бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан К-19 каналының басына су сорғыш орнатып беруді еңбекші диқандар өтінді.

Пікір жазу