Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында «Қазақстан өңірлерінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» семинар-тренингі өз жұмысын бастады деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.


Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында «Қазақстан өңірлерінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» семинар-тренингінің ашылу бөлімі өтті.


Үш-күндік семинар-тренингтің (12-14 қыркүйек) ашылуына ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы басшысының орынбасары Дастан Көшербаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстары және Алматы, Шымкент қалаларындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметкерлер, ішкі саясат бөлімдерінің, дін істері, тілдерді дамыту, жастар саясаты басқармаларының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері,өңірдердегі ҚХА хатшылықтарының меңгерушілері мен мамандары, «Қоғамдық келісім» өңірлік мекемелерінің мамандары қатысты.

(Ә.Ә.)

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу