Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болды. Сапар барысында ол облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалының ашылу салтанатына қатысты. Алик Шпекбаев мемлекеттік басқару Академиясының өңірлердегі филиалдарын ашу мемлекеттік қызметшілердің дамуына елеулі үлес қосатындығын және ел дамуына оң әсерін тигізетінін атап өтті.
«Жамбыл облысының ауылдық округтерінің әкімдерін оқытудың пилоттық бағдарламасын енгізу жоспарланып отыр. Бағдарламаны Академия филиалы облыс әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырады. Оқыту қорытындысы аймақтың дамуына нақты үлес қосатынына сенімдімін. Статистикалық мәліметтерге сәйкес облыста 154 аудан әкімі жұмыс істейді. Олардың 25-і бағдарламаға қатысуы — бұл тек алғашқы қадам. Болашақта бұндай оқыту дәстүрге айналады деген үміттеміз және ауылдық әкімдердің, сондай-ақ аудандар мен қала әкімдерінің барлық корпусын қамтитын болады», – деді ол.
Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бастапАкадемияның және оның 16 филиалының базасында 929 әкім, олардың орынбасарлары, соның ішінде 763 ауыл әкімі білім алды. Бүгінгі күні өңірлерде оқытудан елеулі нәтижелері бар. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында облыс әкімінің бастамасы бойынша оқыту бағдарламасы енгізілді, оның нәтижесінде ауылдық округтердің 98 әкімі облыстың ауылдық елді мекендерін әлеуметтік-экономикалық дамыту, жергілікті бюджеттердің теңдестірілген қалыптасуы және коммуналдық меншікті тиімді басқару бойынша жобаларды жүзеге асыруда. Алматы облысында Академия филиалы әкімдікпен бірге облыстық әкімшіліктер басшыларының, аудан әкімдері орынбасарларының және ауылдық округ әкімдерінің жобаларды басқару негіздерін оқыту бойынша білім беру жобаларын іске асырды.
Таразда Академияның филиалы елімізде Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бірыңғай жүйесін құру шеңберінде ашылды және өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру орталығы болуға арналған. Салтанатты рәсімде «Жамбыл облысындажергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту контексінде оқуға көшу тәсілдерін трансформациялау» жобасы таныстырылды. Орташа алғанда, филиалдың базасында жыл сайын облыстың мемлекеттік органдарының 2 мыңға жуық қызметкері қайта даярланып, біліктілігін арттырды. Сондай-ақ, Академия филиалы мемлекеттік басқарудағы жобалық басқаруды қолдану бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді. Ол үшін қажетті инфрақұрылым мен педагогикалық әлеует бар.
«Агенттік Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойыншамемлекеттік қызметшілерді кәсіби даярлауды одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылдауда. Болашақта Академияның және филиалдардың базасында мемлекеттік қызметкерлерді оқытудың бірыңғай жүйесін дамыту аясында облыстық әкімдіктермен бірлескен білім беру жобаларын іске асыру тәжірибесі жалғасады», – деді Алик Шпекбаев өз сөзінде.
Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық департаменттерінің басшылары қатысты.
Өз тілшімізден