Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектебінің жаңа жобасы мақұлданды. Түркістан қаласының орталығындағы Саттарханов даңғылының бойынан бой көтеретін ғимарат заман талабына сай, әрі шаһардың жаңарған келбетіне сәйкес болады. 320 орындық спорт кешенінде үлкен зал мен бірнеше жаттығу бөлмелері орналасады. Нысан құрылысы жақын уақытта басталып, келер жылы пайдалануға берілмек. «Желілік саябақ» бойында, бұрынғы орнынан қайта бой көтеретін зәулім кешеннің айналасы толық ...
Толығырақ »Архив меток: Rr
ЖАЙЫЛЫМ КӨЛЕМІ АРТАДЫ
Халықтың пайдаланатын жайылым жердің көлемі 742 мың га немесе 21% артады. Түркістан облысы аумағындағы жайылым жерлерді қайтарудың 5 бағыттық қадамдық алгоритм жобасы әзірленді. Облыс әкімінің тапсырмасымен дайындалған алгоритм бойынша жайылым тапшылығы орын алған 152 елді мекен маңындағы халықтың мұқтажына алынатын учаскелер анықталып, басымдылық берілді. Бұл туралы өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте айтылды. Отырыста облыстық жер қатынастары басқармасының ...
Толығырақ »ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Былтыр Жетісай ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолы мен елді мекендерге қарасты 53 көшеге орта жөндеу және 219 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жол жөндеу жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда, «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында 15,2 шақырымды құрайтын 22 көшеге орта жөндеу, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 1,68 шақырымдық 1 көшеге орта жөндеу және 3 көшеге аяқ жол салу ...
Толығырақ »ҚОЙМАҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгінгі күні короновирустық инфекцияны емдеу үшін дәрілік заттардың екі айлық қоры қалыптастырылып, ол бірыңғай дистрибьютордың хабтарында сақталуда. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, қоғам белсенділері қамтылған Жұмысшы топ «СК-Фармация» қоймасына арнайы барып, коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрілік заттардың болуына мониторинг барысында айтылды. Басты мақсат – қаланың коронавирустық ...
Толығырақ »ҮЗДІК КРИМИНАЛИСТ
Құқық қорғау қызметінде криминалистика саласынсыз қылмысты ашу мүмкін емес. Қылмыс орын алган жерде полицияның жұмысы криминалистен басталады. Оқиға тәуліктің қай мезгілінде қашан, қалай болғанын анықтау, айғақты заттарды сапалы алу болып табылады. Осы салада аянбай енбек етіп жүрген қызметкерлер жетерлік. Солардың біpi Сайрам ауданы полиция баскармасының аға криминалисі полиция майоры Фархад Баятаров 2020 жылдың қорытындысы бойыншы Tүркістан облысы Полиция департаменті «Үздік ...
Толығырақ »ҚАРУЫҢЫЗ ТІРКЕЛГЕН БЕ?
Түркістан облысы полицейлерімен тіркелмеген 50-ге жуық қару анықталды. Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеуге, оларды сатып алу көздерін анықтауға, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау және оларды жоюға, қаруды заңсыз сақтау мен алып жүрумен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу, ескерту ...
Толығырақ »«SOS» БАТЫРМАСЫ ОРНАТЫЛУДА
Түркістан қаласында «Қауіпсіз қала» жобасы аясында туристік орындар мен саябақтарға «SOS» батырмасы орнатылуда, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Жоба мақсаты — қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Яғни, «SOS» батырмасында кез-келген азамат Полиция департаментінің Жедел басқару орталығымен (ЦОУ, ДВД) аудио байланысқа шыға алады. Нақты айтсақ, батырма орнатылған аумақта төбелес, ұрлық іс және басқа ...
Толығырақ »ЕСЕЛЕНГЕН ҚУАНЫШ
Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округі Мухитдиновтар отбасында өмірге үшем келді. Улуғбек Мухитдинов пен Едгор Мухитдинованың бұған дейін үш ұл бір қызы болса, жаңа туған үшемнің екеуі – ұл, біреуі — қыз. Шымкент қаласындағы Дархан перзентханасында босанған көпбалалы ананың жағдайы жақсы, бүгінде үйіне шықты. Көпбалалы ананың жағдайын біліп, Мұхитдиновтар отбасын құттықтап қайту үшін Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлуметтік бағдарламалар бөлімінің ...
Толығырақ »ВАКЦИНАНЫҢ ОН МЫҢҒА ЖУЫҚ ДОЗАСЫ ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Короновирустық инфекцияға қарсы вакцинация жалғасын табуда. «Гам-КОВИД Вак» препаратының тағы 1300 дозасы Түркістан облысына жеткізілді. Медицина қызметкерлері «Спутник V» коронавирусқа қарсы вакцина екінші рет қабылдауда. Өңірде мұндай мамандандырылған мекемелердің 20 нүктесі ашылған. Бұдан басқа, «Гам-КОВИД Вак» вакцинасының тағы 8600 дозасын жеткізу жоспарланған. Бұл екі компонентті препарат, 21 күн аралығымен кезең-кезеңімен енгізуді қамтитын вакцинация. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және бекітеді, ...
Толығырақ »«ШАҢЫРАҚ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛАДЫ
Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Түркістан облысында Қазақстан халқы достығын дәріптеуге арналған «Шаңырақ» байқауы басталады. Жарыс — әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы үздік жазбалар бойынша өтеді. Байқауға 2021 жылдың 1 наурызынан 10 маусымға дейінгі жарияланған материалдар қабылданады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев мәлімдеді. Байқаудың негізгі мақсаты – әлеуметтік желідегі жазбалар арқылы ...
Толығырақ »ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті. Шараға Департамент басшысы А.Жұмағали, оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков және 300-ге жуық білім беру мекемелерінің басшылары қатысты. Онлайн шара барысында Департамент басшысы Асхат Жұмағали бүгінгі жиынның басты мақсаты – ...
Толығырақ »КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Шымкенттегі квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында комплаенс қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру бойынша «Комплаенс қызметі — квазимемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді құралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали, оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін ...
Толығырақ »СУ АРНАЛАРЫНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАДЫ
Шаhар басшысы Рашид Аюпов Б. Саттарханов даңғылы бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ аумағындағы канал арнасын аралады. Ғимараттарды шығыстық келбетке сай ету — халықаралық деңгейдегі қала болуды мақсат еткен рухани шаhар үшін маңызы зор екенін айтқан Рашид Абатұлы кәсіпкерлерді жұдырықтай жұмылып, қаланы бірге көркейтуге шақырды. Мақсат — тек нысан келбетін ғана емес, тұрғындарға ыңғайлы қызмет көрсету екендігін ...
Толығырақ »ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕНІҢ КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Созақ АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде қарттарға, ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құжатын жасап беруге, ары-бері сандалтпауға үнемі көмек көрсетіп отырады. Осы мақсатта Созақ АПБ-нің қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ халық арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жеке куәлігінің мерзімі өткен, 1 ғасыр жасаған әжені анықтады. Содан кейін ақ жаулықты ананы шаршатпастан қажетті құжаттарын жинақтап, фото-бейнеге түсірді. Осылайша Созақ ауданының ...
Толығырақ »АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысының полицейлері ардагерлермен кездесті, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтееме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Ағымдағы жылы Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бағлан Халықовтың нұсқауына сәйкес, жедел кеңес өткізілді. Онда саптық және арнайы бөліністері жауынгерлерінің оң келбетін қалыптастыру мен олардың имиджін арттыру бойынша, мақсатты жұмысты жүргізу мәселесі көзделген. Осыған орай Ордабасы аудандық полиция бөлімінің мәжіліс ...
Толығырақ »ЕРЕКШЕ ҮЛЕС ҚОСУДА
Түркістан қаласы облыс орталығы болған күннен бастап, киелі шаһарды дамыту және абаттандыру, көгалдандыру бойынша қарқынды жұмыстар атқарылып келеді. Бұл тұрғыда Түлкібас ауданы да ерекше үлесін қосып, өздерне бөлінген №14 секторда ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Солардың бірі көгалдандыру жұмыстары. Бүгінгі күнге дейін Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен жоспарға сәйкес жалпы саны 7310 түп арша,терек, гужум, қараағаш көшеттері отырғызылды. Қазіргі таңда 5 ...
Толығырақ »ТУРИСТІК ОБЪЕКТІЛЕРМЕН ТАНЫСУДА
Осы жылдың 11-23 ақпан аралығында Түркістан облысының туризм басқармасы «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығымен Түркістан қаласында әлеуетті гид-экскурсоводтарға жиын ұйымдастырып өткізілуде. Оқудың мақсаты облыстың туристік объектілерімен танысудың кәсібилік сапасын арттыру және біздің өңірге келетін қонақтар және туристермен жұмыс істейтін гид-экскурсоводтардың біліктілігін арттыру мен дайындау болып табылады. Аймақтың тарихын, тіл тарихын, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін білетін кәсіби гид-экскурсовод бұл ...
Толығырақ »ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев есептік кездесуінен соң, жеке қабылдауына жазылған азаматтарды қабылдады. Онлайн форматында өткен қабылдауда өңір тұрғындарының өтініштері сан алуан болды. Көбіне жеке мәселелер көтерілді. Түркістандықтар әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жол жүргізу бойынша өтініштерін айтып, көмек сұрады. Азаматтардың басым бөлігінің өтініші қабылдау барысында шешімін тауып, жауапты тұлғаларға жүктелді. Қалған арыздар бойынша заңдарға сәйкес, түсініктеме мен кеңес берілді. Барлық ...
Толығырақ »ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ХАЛЫҚТЫҢ БІРЛІГІНІҢ АРҚАСЫНДА БІЗ БҰЛ СЫНАҚТАН ДА СҮРІНБЕЙ ӨТУДЕМІЗ
Пандемияға байланысты бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруіне қарамастан, Түркістан облысында коронавирус індетін жұғу қарқынын ауыздықтап, таралуын тоқтату және науқастарды емдеуде қарқынды жұмыстар атқарылды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халық алдында берген жылдық есебінде әлемді шарлаған қауіпті індетпен күрес жұмыстарына тоқталды. «Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем пандемияға байланысты өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Бұл – өтпелі қиындық. «Бірлесе көтерген ...
Толығырақ »ҮШ МЫҢДАЙ ХАТ ТҮСТІ
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің есептік кездесуі Түркістан облысы әкімдігінің YouTube каналы мен ресми сайтында және Facebook-парақшасында онлайн режимде көрсетілді. 3 мыңдай хат түсті. Бұдан өзге, тұрғындар облыс әкіміне тікелей сауал қойды. Шара барысында карантин талаптары толық сақталды. Барлық аудан, қалалардың тұрғындарына облыс әкіміне тікелей ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сауалдарын қою мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Интерактивті онлайн-режимде қосылған халықтың өтінім-ұсыныстарына заң аясында жауап беріледі. ...
Толығырақ »NIS-ТІҢ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛДІГІ ТІРКЕЛДІ
Түркістан облысының Әділет департаментінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Түркістан қаласындағы өкілдігі тіркелді. Өкілдіктің жетекшісі қызметіне Әлібек Алатаев тағайындалды, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Түркістан қаласындағы 720 орынға арналған жаңа Зияткерлік мектептің құрылысы 2020 жылдың шілдесінде басталып, 2021 жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарлануда. Оқушылар контингенті конкурстық негізде қалыптастырылады. Оқыту Қазақстан Республикасының ...
Толығырақ »АЛҚАЛЫ ЖИЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Балалар – бұл әрбір шаңырақтың шамшырағы, қоғамның құнды қазынасы, ертеңгі күннің тірегі, әрі келер келешектің келбеті. Оларға қоғам болып қолдау көрсету, әрі жан жылуына бөлеу – адам болмысындағы құнды қасиет парасаттылықтың жарқын көрінісі. Осыған орай, бүгін Арыс қаласында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен облыс аумағында орналасқан «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мен «Бауыржан ...
Толығырақ »ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ БАҚЫЛАНДЫ
2019 жылдың 24 маусымы күні Арыс қаласында орын алған жойқын жарылыстың салдарынан қала тұрғындарының басым көпшілігі зардап шегіп, бірқатар әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуді қажет етті. Бұл ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зақым келген нысандарды аралап, қаланы шұғыл қалпына келтіру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған сәйкес, бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас ...
Толығырақ »ТҰРҒЫН ҮЙ ДАУЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСКЕН ЖИЫН
Бүгін Арыс қаласына арнайы жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары М.А.Қарғабай төтенше жағдайдан кейін тұрғын үйлерде жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары мен проблемалық мәселелер бойынша мәжіліс өткізді. Алқалы жиынға Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек пен қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, аудан прокуроры Н.Қосбаев, қалалық әкімдікке қарасты бөлім басшылары мен ауылдық ...
Толығырақ »АДАМ САУДАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МӘЖІЛІС ӨТТІ
Түркістан облысы Арыс қаласының әкімдігінің мәжіліс залында карантин талаптарын сақтай отырып, адам саудасының алдын алуға және еңбекпен қанау құрбандарын анықтауға бағытталған пилоттық жобаны іске асыруға арналған мәжіліс өтті, деп жазады ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Жиылға Түркістан облысының Полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Т.Бижанов, Түркістан облысының мемлекеттік инспекторы Ғ.Сапарқұлов, «Сана Сезім» қоғамдық ...
Толығырақ »