Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының полицейлері ардагерлермен кездесті, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтееме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Ағымдағы жылы Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бағлан Халықовтың нұсқауына сәйкес, жедел кеңес өткізілді. Онда саптық және арнайы бөліністері жауынгерлерінің оң келбетін қалыптастыру мен олардың имиджін арттыру бойынша, мақсатты жұмысты жүргізу мәселесі көзделген.
Осыған орай Ордабасы аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында карантин ережелерін қатаң түрде сақтай отырып, Ордабасы ауданының ішкі істер органдарының ардагерлерді және абыройлы тұлғаларды шақыра отырып, саптық бөліністердің жеке құрамымен кездесу і-шаралары ұйымдастырылды.
Онда Ордабасы ауданының Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция подполковнигі Ахмет Рахматтула және оның орынбасары отставкідегі полиция майоры Нурбеков Серик Алиевичтер арнайы шақыртылып, жеке құраммен имиджін арттыру бойынша кездесу өткізілген. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу