Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Архив меток: Rr (страница 78)

Архив меток: Rr

180 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ

Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 16 жүк көлігімен 180 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Ал кеше Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп, 8 жүк көлігіне тиелген 98 тонна азық-түлік, құрылыс материалдары, киім-кешек және басқа тұрмыстық заттар жөнелтілген болатын. Көмек керуені жолға шығар алдында ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев ақжол тілеп, қайырымдылық көмекке атсалысқан ...

Толығырақ »

ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері туралы онлайн сұхбат өтті.  Кездесуге Департамент басшысының бірінші орынбасары Серікбаев Талғар, Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің басшысы Егембердиев қатысты. Жалпы экология саоласындағы құқық бұзушылықтар адамзаттың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Ағымдағы жылдың ақпан айында Шымкент қаласы бойынша экология Департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуелділіктеріне талдау жасалып, нәтижесінде ...

Толығырақ »

ҮШІНШІ ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын инфекциясын ерте анықтау мақсатында үшінші вирусологиялық зертхана ашылды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Облыстық физиопульмонология орталығында» COVID-19 инфекциясын ерте анықтау мақсатында вирусологиялық зертхана ашылды. Зертхана соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған. Германияда өндірілген Xpert, БАК-ТЕК, БИОНЕР, Хайн-тест аппараттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып коронавирус індетін анықтауға болады. Зертханаға өңірдегі ауруханалардан алынған сынамалар жолданады. Сонымен қатар ...

Толығырақ »

СПОРТ МЕКТЕПТЕРІ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Шымкентте спорт мектептері мен спорт секциялары жұмысын қайта бастайды. Спорт объектілері қызмет көрсетуге кіріспес бұрын мына талаптарды қатаң ескеруі керек: — кіретін жерде жұмыскерлердің дене температурасын бақылау; — температурасы жоғары және инфекциялық ауру белгілері бар адамдардың жұмыс орнында болуына жол бермеу; — кіреберісте, холлда, дәліздерде әрбір 50-100 м сайын, лифттерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату; — адамдар ...

Толығырақ »

2ГИС ЗАПУСКАЕТ ОНЛАЙН-ВИТРИНЫ

Городские витрины переходят в онлайн: 2ГИС запустил новую опцию, благодаря которой более 38 тысяч компаний общепита, образовательных услуг и других сфер бизнеса в Казахстане смогут бесплатно показать свои товары и услуги в приложении и привлечь клиентов. Как сообщают в пресс-службе 2ГИС, теперь любая компания может разместить в своей карточке в 2ГИС список товаров с ценами. Бизнесы, которые хотят выделиться на ...

Толығырақ »

АСАНБАЙ АСҚАРОВ АТЫНДАҒЫ САЯБАҚ

Шымкент дендросаябағы – қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Қалаға қонақ болып, ат басын бұрғандардың дені жасыл желек жамылған дендросаябаққа соқпай кетпейді. Мұнда бір мезгіл бой сергітіп, таза ауамен тыныстап қайтатындардың қатары көп. Бүгінгі таңда Шымкент дендрологиялық саябағы Асанбай Асқаровтың есімімен аталады. Жаңа атау қала әкімінің бұйрығымен бекітілген. Алғаш рет дендросаябаққа қоғам және мемлекет қайраткерінің есімін беру туралы ұсыныс ...

Толығырақ »

ОНЛАЙН САЙЫСҚА ҚАТЫСЫҢЫЗДАР

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Дарын орталығы «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында қашықтық байқауын өткізеді. Сайыстың мақсаты — бүлдіршіндердің бойында Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін қалыптастыру, балалардың шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу. Өнер саласында эстетикалық талғамын қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру. Осыған орай, додаға қатысушылардың материалдары мен басқа да құжаттары 12.05.2020-15.05.2020 аралығында info@daryn – shymkent.kz электрондық мекенжайына жолдануы ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛҒА 260 ТОННАЛЫҚ КӨМЕК КЕЛІП ЖЕТТІ

«Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында Алматы облысынан Мақтаарал ауданына 15 жүк көлігіне тиелген 100 тонна азық-түлік пен 160 тонна құрылыс материалдары келіп жетті. Көмек керуеніндегі азық-түлік пен гигиеналық заттар облыстық штабтың Атакенттегі орталықтандырылған қоймасына, құрылыс материалдары Мырзакент кентіндегі құрылыс базасына түсірілді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Көмек керуенін Алматы облыстық жастар ісі жөніндегі ...

Толығырақ »

ЕҢБЕКТЕРІ ЕРЕН ЕРІКТІЛЕР

2020 жылы 1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысы Сардоба су қоймасындағы дамбаның бір бөлігін су шайып кетуінің салдарынан Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы шекара маңына жақын бірнеше ауыл су астында қалып, өңірде төтенше жағдай жарияланды. Алғашқы күндері 14 елді мекеннен 31 606 тұрғын эвакуацияланса, нақты 5 елді мекен (Жаңа Тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары) толығымен су астында қалған болатын. Техногендік ...

Толығырақ »

КАРАНТИН РЕЖИМІ СОЗЫЛАДЫ

Түркістан облысында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылды. Бұл ретте бірқатар шектеулер сақталады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов онлайн-брифингте мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Атап айтқанда, көрші аймақтармен шекарадағы санитарлық блок-бекеттер жұмысын жалғастырады. Тұрғындарға қалааралық, ауданаралық және елдімекендер арасында қатынауға қойылған шектеу күшінде қалады. Қоғамдық орындар мен демалыс орындары, саябақтар жұмысын ...

Толығырақ »

БАЗАРЛАР АШЫЛЫП, ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖҮРЕ БАСТАДЫ

Шымкентте базарлап ашылып, қоғамдық көліктер жүре бастады, деп жазады осы тақырыпта арнайы сюжет дайындаған «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ө.Мырзабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне орай бүгін елімізде төтенше жағдай аяқталып базарлар ашылып, қоғамдық көліктер жүре бастады. Алайда әлі де болса арқаны кеңге салуға ерте, оған себеп елімізде аты жаман індетті жұқтырғандар саны артпаса кеміген жоқ. Орталық қырғы ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Әр игі ісі еселеп жазылатын Қасиетті рамазан айында сансыз сауаптан құр қалғысы келмеген жандардың қатары аз емес. Әсіресе су тасқынынан зардап шеккен мақтаралдық тұрғындарға демеу болып, бауырластығын білдірген еріктілер бүгін тағы да гуманитарлық көмек жолдады. Ынтымақ пен бірлікті ту еткен Шымкент қаласы,  Қаратау ауданына қарасты Өтеміс тұрғын алабының белсенділері игі істен шет қалмады, деп жазады «On’tu’stik» ...

Толығырақ »

ЕРІКТІ САРБАЗДАР САПТАН ШЫҚТЫ

Төтенше жағдай кезінде Отан алдындағы борышын өтеген ерікті сарбаздар саптан босатылды. 1 ай бойы қаламыздың қауіпсіздігіне үлес қосқан 100 әскериді шығарып салу рәсімі өтті. Енді олар карантин кезінде уақытша жабылған мекемелердегі жұмыстарына қайта оралады, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Ортайдың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мемлекет басшысының үндеуінен кейін  қаламызда әскери қызметке ниет білдіргендер саны көп болды. Шымкентте іріктеуден өтіп, 1 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ТАНЫМАСТАЙ ӨЗГЕРМЕК

Шымкентте жаңа саябақ салынып, аллеялар абаттандырылады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Instagram әлеуметтік желісінде жазды. – Биыл біздің қала ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін алды. Әрине, қонақтарды наурызда қарсы аламыз деп үміттенген едік, бірақ пандемия әсерінен жоспарлар өзгерді. Дегенмен, қала келбетін көріктендіру бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Қонаев даңғылы, Иляев көшесі, Қонаев даңғылы, Түркістан көшесі қиылысындағы, Байтұрсынов ескерткіші орналасқан алаң ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ

Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен елдімекендерге қайырымдылық көмек жалғасуда. Осы орайда Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов және қалалық «Зекет» қоры бастаған бір топ еріктілер Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жүк көлігі арқылы гуманитарлық көмек жөнелтілді. Шымкент орталық мешітінде қайырымдылық заттарын жинау, қабылдау орталығын құрылған еді. Осы орталыққа Шымкент қаласындағы барлық мешіт имамдары мен мешіт ...

Толығырақ »

283 177 АЗАМАТ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАДЫ

Шымкенттік 283 177 азаматқа әлеуметтік көмек тағайындалды, деп жазады Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. 2020 жылғы 12 мамыр, сағат 14:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 535 633 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 283 177 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 248 119 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

12 мамырдан бастап Шымкентте шағын және орта бизнес өкілдері үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастайды. Бұл шешімді Шымкент қаласының төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі штабы қабылдады. Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін кәсіпкерлер ХҚО-да жылжымалы/жылжымайтын мүліктің кепіл шартын және оның қосымшасын тіркей алады. Азаматтардың көптеп жиналуын болдырмау үшін ХҚО тек әкімдіктен алдын-ала берілген, несиелендіру бойынша оң шешім ...

Толығырақ »

ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ АЛУҒА БОЛАДЫ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  «Азаматтарға арналған үкімет » мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Исабеков Данабек Ержанұлы, директор орынбасары Ашетов Айдос Батырханұлы және Фронт-офистерді үйлестіру басқармасының басшысы Ерлан ҚұлпидинҮкімет Мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Исабеков Данабек Ержанұлы онлайн сұхбат беріп өтті. Бүкіл әлемде таралып жатқан вирусқа сәйкес біздің елдің өмірі  мен денсаулығын сақтауына ...

Толығырақ »

«ШЫМКЕНТ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫМЕН ӨТКЕН СҰХБАТ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Шымкент қаласының «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Жани Сейдоллаұлы онлайн сұхбат берді. Сұхбат барысынрда жобалық кеңсенің жұмысына біршама тоқтала кетті.  Бұл үдерістің басты мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау жайында түсінік қалдырды. Одан бөлек тұрғындардың Мемлекеттік Институтқа деген сенімін арттыру барысы болып табылатынын сөз етті.  Білім саласы өте күрделі сала дей отырып, жастардың ...

Толығырақ »

БҮЛДІРШІНДЕРГЕ АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР КӨРСЕТІЛДІ

Мақтаарал ауданындағы орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдаулар көрсетілуде. Бүгін, Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» КММ-нің ұжымы су басқан аймақтағы тұрғындар уақытша орналасқан эвакуациялық орталықтарға арнайы келді. Тосыннан болған апаттан әбігерге түсіп, күйзеліске ұшыраған тұрғындарды рухани қолдау және балаларға қуаныш сыйлау мақсатында Атакент кентіндегі N5 Мақтаарал мектеп — гимназиясында орналасқан бүлдіршіндерге анимациялық фильмдер көрсетті. Түркістан облысында ...

Толығырақ »

МҮГЕДЕКТІКТІК АНЫҚТАМА МЕРЗІМДЕРІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Түркістан облысы бойынша қайта куәландырудан өтуі тиіс 1690 азаматтың мүгедектік анықтамаларының мерзімі орталықтандырылған база бойынша тамыз айына дейін ұзартылды. Барлық жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау шаралары да 3 ай бойы көрсетіледі. Әлеуметтік төлемдер бұрын тағайындалған мүгедектік топ пен еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі бойынша төленеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бұл шара адамдардың көп шоғырлануы мен ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІК ЖУРНАЛИСТЕР ТЕЛЕДИДАР ТАРТУ ЕТТІ

Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдыр бастаған бір топ журналистер бүгін арнайы Мақтаарал ауданына барды. Сапар барысында БАҚ өкілдері қашықтан білім алып жатқан балаларға теледидар тарту етті. Сондай-ақ ауыл балаларына 5 мың дана балмұздақ үлестірді. Оған қоса көпбалалы аналарға қаржылай да қолдау білдірді. С.Жанәбіл, Ғ.Зиябек, Ә.Әссанди, Б.Тайжан, Е.Әмірбек, Б.Түйетаев, А.Сүлеева, Қ.Ботабеков, Т.Фазылбек, Д.Әбдіраманов, Т.Балтабаев сынды қаламы қарымды ...

Толығырақ »

МЕЙІРБИКЕЛЕРДІ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАУДА

12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні. Биыл ақ желекті абзал жандар айтулы күнді карантин режимінде өткізуде. Риясыз құрметке лайық жандарды науқастар құттықтап келіп жатыр, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысы Жетісай аудандық орталық ауруханасының медбикесі Баянсұлу Майлыбаева отбасын көрмегелі бір айдың жүзі болған. 30 жыл өмірін медицина саласына арнаған маман инфекциялық госпитальде тәулік бойы ...

Толығырақ »

152 ОҚУШЫ ШИПАЖАЙҒА АТТАНДЫ

Бүгін Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жантақсай, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарының дәрігерлік есепте тұрған және көпбалалы отбасыдан шыққан 152 оқушысы «Сарыағаш» емдік сауықтыру шипажайына демалысқа аттанды. Бұл игілікті іске Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы ұйытқы болып отыр, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оқушыларды шипажайға апару ісі Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта ...

Толығырақ »

АТАКЕНТТІК ЖОМАРТ ЖАН

Мақтаарал ауданында 2 мамыр күні орын алған төтенше жағдай кезінде топан су астында қалған ауыл тұрғындарына алғаш болып қол ұшын созған азаматтың кім екенін білесіз бе? Ол – атакенттік жеке кәсіпкер Нұржан Тоқжігітов. Қашанда елге қайырымдылығымен танылып жүрген Нұржан Ермаханбетұлы топан судан дүрлігіп, Атакент кентіндегі №5 Мақтаарал мектеп-гимназиясына эвакуацияланған 540 тұрғынды бір тәулік бойы таңғы, түскі, кешкі ас-ауқатпен қамтамасыз етті. ...

Толығырақ »