Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «ШЫМКЕНТ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫМЕН ӨТКЕН СҰХБАТ

«ШЫМКЕНТ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫМЕН ӨТКЕН СҰХБАТ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Шымкент қаласының «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Жани Сейдоллаұлы онлайн сұхбат берді.

Сұхбат барысынрда жобалық кеңсенің жұмысына біршама тоқтала кетті.  Бұл үдерістің басты мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау жайында түсінік қалдырды. Одан бөлек тұрғындардың Мемлекеттік Институтқа деген сенімін арттыру барысы болып табылатынын сөз етті.  Білім саласы өте күрделі сала дей отырып, жастардың болашағы –біздің қолымызда екендігін атап кетті.

Нақтырақ айтқанда жобалық кеңсенің арнайы өзінің жобасы бар, саналы ұрпақ. Бұл жоба арнайы Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жұмыс жасалынады. Оған көптеген белсенді студенттер, ерікті жастар, білім саласындағы қызметкерлер жабылып, солармен бірігіп анализ жасап, белсенді қызмет еткендігін атап өтті. Осындай маңызды сәтте студенттердің академиялық адалдық принципін дамыту, жобалық кеңсенің бірден-бір бағыты екендігін мәлімдеді. Оның мазмұнын аша кетейік, студентке берілген тапсырманы өзі адал түрде орындау арқылы дәрежесін тексеру. Яғни, ешкімнен көшірмей, плагиат, біреуден сатып алу секілді осы принциптерден аулақ болу жайында үндеді. Осы бойынша ашық сұхбаттар онлайн түрінде болып жатқандығын мәлімдеді.

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті

Пікір жазу