Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ АЛУҒА БОЛАДЫ

ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ АЛУҒА БОЛАДЫ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  «Азаматтарға арналған үкімет » мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Исабеков Данабек Ержанұлы, директор орынбасары Ашетов Айдос Батырханұлы және Фронт-офистерді үйлестіру басқармасының басшысы Ерлан ҚұлпидинҮкімет Мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Исабеков Данабек Ержанұлы онлайн сұхбат беріп өтті.

Бүкіл әлемде таралып жатқан вирусқа сәйкес біздің елдің өмірі  мен денсаулығын сақтауына байланысты, бұл орталықтың жұмыс тәртібі жаңа форматқа өткені жайында хабарлады. Мамандар жұмыстың онлайн форматына кеңінен тоқталып, ауыл, аудан жерлеріне өте тиімді екендігі жайында сөз қозғады. Бұл қызмет  түрі электронды форматты қол жетімсіз тек қағаз жүзінде көрсетілетін қызметтермен  «egov.kz» порталы  арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін алуға болатынын хабарлады.

Халыққа қызмет көрсету орталығына бару үшін 1414 ұялы нөміріне хабарласу арқылы немесе «egov.kz»   сайтындағы сервис арқылы кезекке тұруға болады. Бұл процесс індеттен қорғануға, алдын алуға, сонымен қатар жеке тұлғалар мен жұмысшы қызметкерлердің уақытын да үнемдейтінін айта кетті. Азаматтарды осы жаңа форматты қолдануға шақырды. Қазіргі таңда бүкіл қызметтердің 80 % электронды форматқа өткендігі жайында қоса кетті. Алдын ала брондау туралы толық ақпарат беріліп өтілді. Осы күннен бастап, 4 аумақта халыққа қызмет ету орталығы ашылғандығын айтты.

1 этапта тек бизнес қызмет көрсету ашылса, 3 мамандандырылған орталық ашылғанын атап өтті.

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті

Пікір жазу