«Құрмет» орденінің иегері, меценат Байкен Әшірбаев Шымкенттегі 550 отбасыға азық-түлік таратты. Қазақстанның Бас мүфтиі Рамазан айының қарсаңында елімізде жарияланған төтенше жағдай талаптары ескеріліп, қауіпсіздікті сақтау үшін ауызашар берудің орнына ораза ұстаған жандарға тамақ таратып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік үлестіруге, оларға қаржылай қолдау көрсетуге шақырған болатын. Бұған дейін бірнеше рет қайырымдылық шараларды ұйымдастырып, игі істердің басы-қасында жүретін Байкен Әшірбаев төтенше ...
Толығырақ »Архив меток: Rr
ТҮРКІСТАН: СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЛГЕН ШЫҒЫН ТОЛЫҚ ӨТЕЛЕДІ
Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты құрылған арнайы комиссия тасқыннан келген шығын көлемін есептеуде. Билік басшылары тасқын су орын алған ауылдардың халқымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов тасқын су астында қалған ауылдардың тұрғындарымен жүздесті. Қауіпсіз аумаққа көшірілген халыққа Үкімет тарапынан нақты көмек көрсетілетінін атап көрсетті. Түркістан облысындағы тасқынға байланысты құрылған мемлекеттік комиссияға топан судан келген ...
Толығырақ »САРЫАҒАШТЫҚТАР МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА КӨМЕК ЖІБЕРДІ
Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданына сарыағаштықтар да алғашқылардың бірі боп жалпы құны 1 млн 735 мың теңгенің гуманитарлық көмегін көрсетті, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оның ішінде азық-түлік, ет, су, күріш, ұн, картоп, пияз, май, қанттан бөлек, көрпе-төсек, гигиеналық заттар, балаларға қажетті канцелярлық тауарлар да бар. Аталған заттар Сарыағаш ауданына бекітіліп берілген 5 мектепте ...
Толығырақ »МАЙДАНДА ДА, ТЫЛДА ДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН
Сұрапыл соғыстың оты өшіп, Ұлы Жеңістің туы желбірегеніне, міне, 75 жыл толды. Бүгінгі ұрпақ үшін ол дүбірлі мереке болғанымен, бұл жеңістің өтеуі тым ауыр болғанын ұмытпауымыз керек. Миллиондаған майдангер фашистік Германиямен соғыста Отан үшін, бейбіт болашақ үшін жан беріп, жан алысты. Қан майданда от кешіп, мұз жастанған жауынгерлермен бірге тылдағы халық та күндіз-түні ауыр еңбектің азабын тартты. «Екінші майдан» атанған ...
Толығырақ »ШӨКЕЕВ ҮКІМЕТ САҒАТЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ
Түркістан облысының басшысы Үкімет сағатында Мақтааралға қатысты баяндама жасап, төтенше жағдай бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Алдын ала жинақталған мәліметтер бойынша көлемі 7639 гектар егістік жерді су басқан. Сонымен қатар, мал шығыны нақтылануда. Қазіргі таңда, осы жоғарыда аталған шығындарды есептеп жатырмыз. Нақты шығын көлемі нақтыланып болған соң, қосымша баяндалатын болады», деді ...
Толығырақ »ЕҢ ҚАРТ АРДАГЕР 104 ЖАСТА
Мемлекет басшысы Жеңістің 75 жылдығына орай еліміздегі әрбір соғыс ардагеріне бір миллион теңгеден берілетінін атап өтті. «Ия, қарттарға деген қамқорлық азаймақ емес. Барлық ҰОС ардагерлері, оған теңестірілгендер мен олардың жесірлері Жеңіс күні қарсаңында назардан тыс қалмайды. Мүмкіндігінше сый-сыяпаттар жасалады.» Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Нәштайұлы осылай дейді. Көненің көзі, тарихтың өзі болған ардагерлер жылдан жылға арамыздан кетіп жатыр. Көңілді мұңайтатын ...
Толығырақ »СЕКСЕН ЖЫЛ САҚТАЛҒАН ХАТТАР…
Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы. Мереке жақындап қалған күндердің бірінде кабинетте қатарлас отыратын Жасұлан есімді жас маман: «Апай, бұл мереке біздің отбасындағы ең қадірлі мереке» деп бастады әңгімесін. Жыл сайын Жеңіс күні әулетіміздің ұрпақтары қала орталығындағы Даңқ Мемориалына барып, үлкен атамызға гүл шоқтарын қоямыз. Мақтаарал ауданынан соғысқа қатысқан жауынгерлер тізімінде Аманов Серғазы деген аты-жөні тұр. Үйде атамыздың майданнан жазған хаттары ...
Толығырақ »ШЕТЕЛДЕ ДІНИ БІЛІМ АЛУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР МА?
Бүгінде өзінің болашағына үлкен сеніммен қарайтын жастар шетелдерде білім алуды, Отанына, еліне қажетті мамандықтарды игеруді және басқа елдерден оң тәжірибе жинауға деген құштарлығын құптайды. Қазіргі күнде біздің елімізде жастардың «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында және әртүрлі гранттар мен ата-аналарының жеке қаражаты есебінен шетелдерде білім алуына барлық жағдайлар жасалған. Көпқырлы мамандық игеру үшін бүгінде араб елдері мен Түркия, Пәкістан және тағы басқа ...
Толығырақ »БІРЛІГІМІЗДІ БАЙҚАТАЙЫҚ!
Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдықтарға бәйдібектіктер де көмек қолын созуда, деп жазады Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Мақтарал ауданында су тасқыны орын алған күннен бастап Бәйдібек аудандық Жастар сарайында гуманитарлық көмек жинау орталығы ашылған болатын. «Біз қиын уақытта өз бірлігімізді көрсетуіміз керекпіз», — деген Бәйдібек ауданының тұрғындары осылайша мақтаралдықтармен бірге екендіктерін білдіруде. Аталған игі шараға ...
Толығырақ »ҰОС АРДАГЕРІ: ИСА ТЕЛІКБАЙ
ҰОС Ардагері — Телікбай Иса Телікбайұлы! Телікбайұлы Иса атамыз, 1922 жылы 25 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Жұма ауылында дүниеге келген. Әке — шешеден 7 — 8 жасында жетім қалып, Тұрбат ауылында ашылған жетім балаларды тәрбиелейтін үйде 1933 жылға дейін тәрбиеленді. 1942 жылдың мамырына дейін нағашыларының қолында тәрбиеленіп, Ұлы Отан соғысына өзі қатарлы жолдастарымен аттанды. Қайда кетіп, қайда бара жатқандарын білмейді. ...
Толығырақ »ЖАҚСЫ БАРЛАУ – ЖЕҢІСТІҢ КЕПІЛІ
Жеңіс. Осы сөздің мәнін, қадірін, қасиетін өмір мен өлімге бетпе-бет тура келіп қан майданға қатысқандардардан артық түсінетін жан болуы мүмкін емес. Мен келін болып түскен әулеттен бір үйден әкесі Бұғышиев Сарсенбай мен баласы Сарсенбаев Айбек екеуі майданға аттанған. Ұлы Жеңісті көздерімен көріп, Берлиннен 1949 жылы екеуі де туған топыраққа аман-есен оралған. Сарсенбай атаны көзім көрген емес, ал Айбек атамыз Катюшаны ...
Толығырақ »«ЖЕҢІС ЕСІМДЕРІ» АКЦИЯСЫ
АСҚАРОВ ӘБДІҒАПБАР– 1923 жылдың 10 қыркүйегінде ОҚО, Түлкібас ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына 1942 жылы маусым айында осы Қызылжар елдімекенінен досы әрі ауылдасы Асайын Рахматуллаев екеуі аттанған. Олар Сталинград майданына түсіп, 34-атқыштар полкінде болған. Сондай-ақ күздің қарасуығында Есенткуи қаласында, Орел-Курскіде шайқасқан. «Дон өзенінің сол жақ жотасында соғыстық. Неміс ұшақтары кезек-кезек бомба тастаумен болды. Окопта қирандылардың үстінде, бомбаның астында ...
Толығырақ »ЖЕҢІСПЕН ОРАЛҒАН АРДАГЕР
Сарамсаков Ғани — 1922 жылы 3 қыркүйекте дүниеге келген. Майданға 1941 жылдың 17-ші қарашасында аттанып, ІІІ–Украина майданында 519-шы атқыштар полкінде қызмет еткен. Румыня, Венгрия, Югославия елдерін азат етуге қатысып, ІІ-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орден, медальдарымен марапатталған. Жеңістен кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына белсене араласты. Сталинград, Горкий қалаларында жұмыс істеді. 1961 жылы елге оралып, 1982 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін колхозда ...
Толығырақ »МҰЗ ЖАСТАНЫП, ОТ КЕШКЕН
Төребаев Бадан – 1926 жылы дүниеге келген. 1944 жылы 15 қазанда әскер қатарына шақырылды. 4 ай әскери дайындықтан өткен соң, Беларусь майданында жорық жолы басталып, ауыр шайқаста ерекше ерлігімен көзге түсті. Сондағы жанқиярлығы ескеріліп, «Ерлігі үшін» медальімен марапатталды. Жорық жолы Берлинге дейін жалғасты. І-ші дәрежелі «Ұлы Отан Соғысы» орденімен, 2 рет «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен ...
Толығырақ »ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН ХҚО АШЫЛДЫ
Түркістан облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия шешімімен 4 мамырдан бастап Түркістан қаласында заңды түлғаларға қызмет көрсету үшін бір ХҚО ашылды. Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай ХҚО Алматы, Павлодар мен Петропавл қалаларында өз жұмысын бастаған, таяу уақытта төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі облыстық штабтардың шешімімен заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін Қазақстанның өзге қалаларында да ХҚО ашылатын ...
Толығырақ »ШАРДАРА МАҚТААРАЛМЕН БІРГЕ
Мақтарал ауданында орын алған төтенше жағдайдан жапа шеккендерге Шардара ауданы көмек көрсетуде, деп жазады Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz» ақпараттық агенттігі. Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтың тапсырмасы бойынша, су тасқыныннан жапа шеккен тұрғындарды көшіру үшін, Шардара ауданына 5 эвакуациялық орын дайындауға тапсырма берілген. Қазіргі таңда, аудан тарапынан дайындаған 5 эвакуациялық орынның, 4 эвакуациялық орынына тасқыннан жапа шеккен тұрғындар ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛҒА 20 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖЕТКІЗІЛДІ
Су тасқынынан шардап шеккен Мақтаарал ауданына «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры атынан 20 тонна азық-түлік келіп жетті. Аталған қайырымдылық көшін қор мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің өзі бастап келіпті. 20 тонналық көмектің ішінде азық-түліктен бөлек, 18 түрлі жеке бас гигиенасына қажетті заттар мен балаларға арналған тәттілер де бар, деп жазады облыстық әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. ...
Толығырақ »ҰОС АРДАГЕРІ: ШАМИЛЬ ТАГИЕВ
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ШАМИЛЬ ТАГИЕВ 1943 жылдың соңында 17 жасар Шамиль Тагиев майданға шақырылған. Курс маңында 6 ай соғысқа дайындалған. Алты айдан соң Днепр маңына майданға аттанған. Ол жерде 25-ші гвардиялық атқыштар дивизиясында миномет бөлімінде дәлдеуші болған. 1944 жылдың соңында жарақат алып, Киев қаласында госпитальге түскен. 3 ай емделіп, тағы да майданға аттанған. Бұл жолы Венгрия және Румыния жерлерін ...
Толығырақ »ҰОС АРДАГЕРІ: МЫРЗАХМЕТ ЖЫЛЫСБАЕВ
Мырзахмет Жылысбаев — 1926 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қозмолдақ елді-мекенінде дүниеге келген. 1942 жылы жеті жылдық мектепті бітірген соң егінге қарауыл, табельші, сауат ашу мектебінде оқитындарға мұғалім болып істеген. Ұлы Отан соғысына 1944 жылы 92 автоатқыштар полкі құрамында қатысқан. Гитлерлік Германияны талқандауға қосқан үлесі және жауынгерлік қызметі үшін отанымыздың медальімен наградталған. Соғыс аяқталған соң командирлері М. Жылысбаевтың қабілетін ...
Толығырақ »НИКТО НЕ ЗАБЫТ, НИЧТО НЕ ЗАБЫТО
ШАЛЯ Анна, ветеран ВОВ ШАЛЯ Анна Федоровна родилась 12 июня 1923 года в ауле Вревского Арыского района. В 1941 году после окончания курсов телеграфистов служила в 40-ой армии в г.Воронеж. В качестве радиста служила в 40 армии. Участвовала в Воронежско-Курской операции. В 1944 году участвовала в освобождении Венгрии, Румынии и Чехословакии. После войны работала в организациях образования, районном совете депутатов ...
Толығырақ »ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЕЛГЕ ДЕГЕН АЛҒЫСТАРЫ ШЕКСІЗ
Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан бұған дейін қауіпсіз аймаққа 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған болатын. Дәл қазіргі уақытта 24 эвакуация орындарынан су басу қаупі сейілген Мырзакент, Ақжол ауылдарының 17 мыңнан астам тұрғыны үйлеріне кері қайтарыла бастады, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Ал эвакуация орындарындағы 3500-ге жуық тұрғынның бүгінгі жай-күйі бірқалыпты. Адамдардың барлығы дерлік медициналық тексерістен өткізіліп, жатын ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: 6 АЗАМАТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Түркістан облысында короновирус инфекциясын жұқтырған 6 азамат туралы ақпарат жарияланды. (04.05.20 жылғы сағат 12:40-тағы мәлімет бойынша) COVID-19 инфекциясын жұқтырған Түркістан қаласының 1974 жылғы, 1980 ж жылғы, 1986 жылғы, 1981 жылғы және 1978 жылғы тұрғындары анықталып, тіркелді. Сонымен қатар, скринингтік зерттеу барысында Кентау қаласының 1981 жылғы тұрғынының да сынамасы оның вирусты жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда, аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар анықталып, ...
Толығырақ »ТҰРҒЫНДАР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА
Арыс қаласында ауқымды дезинфекция жұмыстары жалғасуда, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Бүгін Арыс қаласында адам көп шоғырланған орындарда кестеге сәйкес дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Бұл коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Дезинфекция жұмыстары жаяу да, арнайы машиналардың көмегімен де жүргізілуде. Әлеуметтік нысандарды, базарларды, сауда орталықтарын, тротуарларды, үй іші аумақтарын, кіреберістерді және басқа да адам ...
Толығырақ »ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК — ҚАНАТ БІТІРЕР
Оқушылар мен ұстаздар арасында алтын көпір орнатып, төтенше жағдай тұсында бірлік пен ынтымағын нығайтып, жігерлі жұмыстың нәтижелі болуын меңзеген алдымен басқарма басшысы Жанат Арысбекқызына алғыс білдіреміз. Өскелең ұрпақтың ертеңі үшін еселеп еңбек еткен Ж.Тәжиева мұндай қиын кезеңде де өз кәсіби шеберлігін көрсете білді. Бас ұстаздың айтары бар …. Қайырлы күн! Құрметті аріптестер! Сіздерге 6.04-30.04 аралығындағы Bilimland.kz платформасындағы ОНЛАЙН МЕКТЕП жаңа ...
Толығырақ »150-ГЕ ЖУЫҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫЛДЫРЫЛҒАН
Түркістанда азаматтардың денсаулығын бақылау үшін 150-ге жуық медицина қызметкері жұмылдырылған, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы эвакуациялық бекеттерге орналастырылған барлық азаматтарға тиісті көмектер көрсетілуде. Жалпы 24 эвакопунктке жайғастырылған адамдардың денсаулығын бақылауға алу үшін 147 медицина қызметкері жұмылдырылған. Оның 58-і дәрігерлер 89-ы фельдшер. Олар бекеттегі азаматтарға тәулігіне 24 сағат бойы қызмет көрсетуде. Онда ...
Толығырақ »