Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 06.07.2018

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары! Сіздерді еліміздің мақтанышы – Астана қаласының 20 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тарих үшін жиырма жыл қас-қағым ғана сәт. Ал, ғаламат өзгерістер өлшемімен салыстырсақ, бұл аз уақыт емес. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық шешімі мен ерен еңбегінің нәтижесінде бүгінде Астана әлем таныған әсем қалаға айналды. Мемлекет басшысының астананы көшіру туралы батыл қадамы ...

Толығырақ »

Сайрам ауданында ерекше мерекелік шара өтті

Астана күніне орай барлық аудан-қалаларда мерекелік шара өткізілді. Түркістан облысының Сайрам ауданына бұл мереке ерекше өтті деуге болады. Сайрам ауданының орталығындағы мәдениет үйінде «Мир через духовность» қоғамдық қорының еріктілер белсенділерінің, аудан тұрғындарының, аудан әкімі Бақтияр Мамаевтың, аудандық мәслихаттың хатшысы Жансерік Мұсаханұлының, аппарат қызметкерлерінің қатысуымен гала концерт ұйымдастырылды. Өз кезегінде аудан әкімі қонақтарды, аудан тұрғындарын Астана күнімен құттықтап, адам баласына жақсылық жасап, көптің ...

Толығырақ »

Отырарда туған Нұрсұлтан 20 жасқа толды

Бүгін Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай Түркістан облысы, Отырар ауданының жастары «Туған күніңмен, Астана!»  мерекелік кешін ұйымдастырды. Шараның мақсаты- Тәуелсіздік жылдарының асқақ абыройы мен жарқын болашағын айқындайтын, ел іргесінің берік, шаңырағының биік екенін көрсететін айбыны мығым Елордасы Астананың мерейлі мерекесін ардақтап, бірге тойлау. Еркін форматта өткізілген басқосуға аудан басшысы Айтаханов Ерлан Қуанышұлы арнайы қатысып, барша отырарлықтар мен жастарды ...

Толығырақ »

Туған күніңмен, Астана!

Астана қаласыныңң 20 жылдығынна орай еліміздің барлық өңірлерінде мерекелік іс-шаралар өтуде. Елорда күнінің айшықты аталып өтуі Шымкент жұртшылығы үшін де өте маңызды. 5-шілде күні Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен қаламыздың Орталық саябағында мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шарада алғаш болып сөз алған аудан әкімі Б.Қалжанов жиналған қауымды Астанымыздың төл мерекесімен құттықтап, тәуелсіздігіміздің ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Елімізде Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясындағы «7-20-25» мемлекеттік бағдарлама іске аса бастады. Қазірдің өзінде Алматы, Астана, Ақтау, Өскемен және Орал қалаларында жеті адамға ипотека рәсімделді. Түркістан облысының тұрғындары да үй алуға өтінім бере берсе болады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Түркістан облыстық филиалының директоры Ануар Ботанбеков мәлімдеді. Филиал директоры артықшылықтары көп бағдарлама өте оңай механизммен жұмыс істейтінін айтты. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАННЫҢ ТӨРІНДЕ МӘРТЕБЕСІ АСҚАҚТАҒАН АСТАНА!

Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласында Астананың 20 жылдық мерекесіне арналған гала-концерт өтті. Есімхан алаңында өткен концертке мыңдаған көрермен қатысты. Салтанатты шарада Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев көпшілікті мерекемен құттықтады. Думанды салтанат барысында өңір басшысы қоғамның түрлі салаларында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматқа «Астанаға – 20 жыл» мерекелік медалын салтанатты түрде тапсырды. Олардың арасында спорт, өнер, БАҚ және ...

Толығырақ »

ЖАСӨСПІРІМДЕР ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ақмола облысы Бурабай демалыс аймағында өткен «Burabay Sammer Fest» I жасөспірім таланттардың халықаралық фестиваліне қатысқан Түркістан облысының бүлдіршіндері елге оралды. «Вокалдық өнер» (дәстүрлі ән, академиялық ән, эстрадалық ән), «Инструменталдық орындаушылық» (дәстүрлі өнер, классикалық өнер, эстрадалық өнер), «Хореографиялық өнер» (халықтық би, классикалық би), сондай-ақ «Көркемдік оқу» номинациялары бойынша өткен фестивальде Түркістан облысынан 9 жанр бойынша ...

Толығырақ »