Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 24.05.2020

КАРАНТИН 8 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы Қаулысы жарияланды. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылдың 25 мамыры сағат 07.00-ден бастап 2020 жылдың 8 маусымы сағат 00.00-ге дейін карантин шаралары ұзартылады. Қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте және қызметі рұқсат етілген объектілерге барғанда бетперде, қолғап, антисептиктер пайдалану міндеттеледі. Көпшілік іс-шаралар (мерекелік, спорттық — көпшілік, ойын — ...

Толығырақ »

АПТАП ЫСТЫҚ КҮТІЛУДЕ

Шымкентте жуық арада нөсер жауын күтілмейді. Себебі қаламызда тиісті жаңбыр мөлшері осы айда жауып біткен. Осылай деген белгілі жұлдыз-жорамалшы Нұрғабыл Қозыбаев биыл аймақтағы шаруалардың астығы мол болатынын айтады. Бірақ, бұл болжам бүкіл облысқа қатысты емес. Өкінішке орай, өңірдің кей аумағында қуаңшылық орын алуы мүмкін, деп жазады «Отырар» телеарнасының тілшісі Н.Үкібасованың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Көктем басталғалы нөсер жаңбырдан көз ашпаған ...

Толығырақ »

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР ҚАРАЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық полиция департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді. Онлайн шараға Департамент басшысы А.Жұмағали мен оның орынбасарлары Т.Серікбаев, Б.Ұзынжас және полиция департаментінің бастығы Е.Жұмаханбетов және жеке құрам қатысты. Кездесу барысында полиция департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде бірқатар ұсынулар талқыланды. Атап айтқанда, қала тұрғынынан әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасын ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІКТЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫНА БАРЫНША АТСАЛЫСТЫ

Шымкенттіктер қайырымдылық шараларына барынша атсалысты. Осылай деген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді Ораза айт мерекесімен құттықтады. – Сіздерді күллі мұсылман үшін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Адамзатты рухани тазару мен мейірімділікке, сабырлыққа шақыратын Рамазан айында шымкенттіктер де қайырымдылық шараларына барынша атсалысты. Мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, көңілдерін демеді. Әлемді мейірім шуақты етеді. Осындай ізгілікке толы Ораза айты мерекесінде отбасыларыңызға ...

Толығырақ »

1500-ГЕ ЖУЫҚ ҚОҚЫС ЖӘШІГІ АЛЫНАДЫ

Шымкентте жеке тұрғын үйлер аумағына қоқыс тастайтын жаңа металл жәшіктер орнатылатын болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үшін және қоршаған ортаның экологиялық тазалығын арттыру мақсатында осы жылы 1474 контейнер сатып алынбақ. Бұл туралы қала әкімінің төрағалығымен өткен жиында энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а Нұрлан Жаманкөз мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Оның айтуынша, қала аумағында қоқыс тастайтын ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРҒА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

Түркістан облысы Мақтарал ауданына «Niyet Charitable Foundation»  қорының көмегі келіп жетті. Мақтааралдағы топан су салдарын жоюға тұтас қоғам атсалысып жатыр. Игі істен шет қалмаған «Niyet Charitable Foundation» қоғамдық қоры да тұрғындарға көмек қолын созды. Аталған қор мен «Nur Otan» партиясы арасында жасалған Меморандумда қайырымдылық іс-шараларын бірлесе атқару жөнінде келісім бар. Осыған сәйкес, аталған қор өкілдері «Біз біргеміз» акциясы және «Игі істер» ...

Толығырақ »