Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » КАРАНТИН 8 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

КАРАНТИН 8 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы Қаулысы жарияланды.

Шымкент қаласының аумағында 2020 жылдың 25 мамыры сағат 07.00-ден бастап 2020 жылдың 8 маусымы сағат 00.00-ге дейін карантин шаралары ұзартылады.

Қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте және қызметі рұқсат етілген объектілерге барғанда бетперде, қолғап, антисептиктер пайдалану міндеттеледі.

Көпшілік іс-шаралар (мерекелік, спорттық — көпшілік, ойын — сауық мәдени көпшілік іс-шаралар, конференция, семинар, көрме және т.б) өткізуге тиым салынады.

Шымкент қаласының аумағындағы барлық топтағы объектілер (сауда саласы, қызмет көрсету, қаржы және т.б,) үшін жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеледі.

Айта кетейік, бұл COVID-19 сырқаттанушылығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынып отырған шара.

Жалпы, мамандардың кеңесіне құлақ түріп, карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуының алдын алған жөн.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу