Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Келес ауданының әкімі Алпамыс батыр ауыл округінің тұрғындарымен кездесті

Келес ауданының әкімі Алпамыс батыр ауыл округінің тұрғындарымен кездесті

Түркістан облысы, Келес ауданының әкімі А.Есбаев Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге дербес бөлім басшылары мен тиісті сала басшылары қатысты, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.


Алдағы уақытта округ аумағындағы көше бойларын ретке келтіріп, көгалдандыру жұмыстарына көңіл бөлінгелі отыр. Сонымен қатар, аудан әкімі округ аумағынан тұрғын үй салу мақсатында халыққа жер учаскелерін бөлу үшін, жерге орналастыру бойынша жоба дайындау бойынша ауыл округ әкіміне тапсырма берді.

Жиында округ тұрғындары аудан әкіміне өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, сала басшыларының нақты жауаптарын алды. Тұрғындар жол, жарық, ағын су, ауыз су мәселелерін көтерді.

Өтініштерді мұқият тыңдаған аудан әкімі, көтерілген мәселелердің шешу жолдарын қарап, нақты жауаптар беріп, салаға жауапты аудан әкімінің орынбасарларына, бөлім басшыларына заң талаптарына сәйкес жұмыс атқаруды, аудан тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтардың шешімін жан-жақты қарап, мерзімінде орындауды тапсырды.

Пікір жазу