Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Мерейлі мерекеге арналған түлектердің тартуы

Мерейлі мерекеге арналған түлектердің тартуы

Созақ ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында аудан аумағындағы ауылдар мен елді-мекендерде мектеп бітіруші түлектердің туған жерге деп жасап жатқан түрлі сый-сияпат, жасауда, деп жазады «Созақ үні» газетіне сілтеме жасаған  didarbek.kz. Мұндай сыйлықтар бір жағынан туып өскен мекенге деген ыстық сезім болса, екінші жағынан ауданның мерейлі мерекесі 90 жылдыққа деген тарту болып отыр.

Мерекеге арналған тартуларды айтып өтетін болсақ, Жартытөбе елді мекеніне кіре берісінде мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер тарапынан латын тілінде ортасында жүрекшенің белгісі бар «Jartytobe» жазуы жазылды. Яғни бұл «Жартытөбе мен сені жақсы көремін» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар, Аққолтық елді мекенінде жеке кәсіпкер ауданымыздың 90 жылдық мерей тойына арнап жеке меншік «Асылжан» балабақшасының құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, бүгінде ашуға дайын. Ал, Бабата ауылдық округінен шыққан бірқатар азаматтар өз қаржысы есебінен «Наурыз алаңы» саябағын ретке келтіріп, темірден 2 киіз үй және сахна орнатты.
Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінің азаматтары арасында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, жалпы соммасы 500 мың теңгеден асатын қаржы жиналып, ауылдық округтегі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетілді.


Жартытөбе ауылдық округінің 1990 жылы туылған азаматтары яғни Құлыншақ Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебінің 2008 жылғы түлектері өз қаржыларына Аққолтық елді мекенінің көп балалы тұрғынына баспана салып, бүгінде құрылысын аяқтауға жақын. Елдің азаматтары күннің суытуына дейін құрылысты аяқтап, отбасын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Бабата ауылындағы «Ысқақ Баб» кесенесіне абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, елді мекен азаматтары 800 түп ағаш отырғызды. Сонымен қатар, Жартытөбе ауылында жастарға арналған шағын спорт алаңшасы ашылып, бүгінде ауыл жастары бос уақыттарын қызықты өткізуде.
Жоғарыда айтылған түлектер тартуынан шалғайдағы Шу ауылы да кенде қалған жоқ. Ауылдың кіре берісіне жүрекше белгісі бар «SHU» жазуы жазылып, ауылға көрік беріп тұр. Мұнан бөлек, ауылда спорт алаңшасы, балалардың ойын алаңшасы салынып, мәдениет үйінің күрделі жөндеуден өтуі барлығы да мерейтойға деген тарту болып отыр.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*