Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ФРАНЦИЯ ТӨРІНДЕ ГІР КӨТЕРУДЕН ӨТКЕН САЙЫСТА, ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДАН КӨРІНДІ

ФРАНЦИЯ ТӨРІНДЕ ГІР КӨТЕРУДЕН ӨТКЕН САЙЫСТА, ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДАН КӨРІНДІ

Маусым айының 28-30 күндері аралығында, Франция астанасы Париж қаласында гір көтеру спортынан ашық Европа чемпионаты болып өтті.
Байрақты бәсекеге Европаның алпауыт елдерінің құрама командаларынан, кіл мықты Гір тасын көтерудің қас шеберлері бақ сынасты.


Аталған сайыста, Еліміздің абыройын арқалап барған жерлестеріміз, екі күнге созылған дүбірлі доданың алғашқы күні қоссайыста 53 келіде бақ сынаған Байдуллаев Бағжан 16 келілік гір тасын серпе көтеруден 148 рет, жұлқа 141 рет көтеріп күміс алқаға қол жеткізсе. 68 келіде бақ сынаған Ауесбек Медет 24 келілік гір тасын серпе көтеруден 110 рет, жұлқа 180 рет көтеріп , жүлделі 2 орынды абыроймен жеңіп алды . +78 келі салмақта 24 келілік гірді серпе 128 рет, жұлқа 160 рет көтерген Тұрғанбай Нұрбатыр қола алқаны қанжығасына байлады. Жарыстың екінші күні ұзын циклда 63 келіде бақ сынаған жерлесіміз Ергеш Нұрболат 16 келілік гір тасын 102 рет көтеріп, 3 орынға табан тіреді.


Сонау Парижде өткен байрақты бәсекеде жеңіске жетіп, еліміздің абыройын асқақтатқан , Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ де жаттығатын жерлестермізді жеңістерімен барша спорт сүйер қауым атынан құттықтаймыз!

Пікір жазу