Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «IQANAT» байқауы білім гранттарына бастар жол

«IQANAT» байқауы білім гранттарына бастар жол

Алғашқы рет елордада 14 облыстың 162 ауданынан 703 үздік 9-сынып оқушыларының қатысуымен «IQanat» республикалық ауылдық мектеп оқушыларының слеті ағымдағы жылдың 1-5 шілде аралығында Назарбаев Университетінде өтуде. Қатысушылардың барлығы — «IQanat» республикалық олимпиадасының аудандық, облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары.


«IQanat» олимпиадасы төрт пәннен өткізілді: математика, физика, ағылшын тілі және эссе жазу. 2018-2019 оқу жылының басынан бері 5 мың ауыл мектебінің 30 мыңнан астам оқушыларының қатысуымен аталған олимпиаданың екі кезеңі өткізілді. Слет ұйымдастырушысы — «IQanat білім қоры» қоғамдық қоры (iqanat.kz).
Слеттің басты мақсаты – 2019 жылдың 2 шілдесінде сағат 10:00-де «IQanat» олимпиадасының республикалық кезеңін өткізіп, 4 пән бойынша 12 жеңімпазды, сонымен қатар, 2020 жылы Бурабайда ашылатын «IQanat Kazakh-English High School» мектебінде білім алуға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры ұсынатын 100 оқу грантының иегерлерін анықтау.
Аталған слетке ауданымыздың намысын қорғауға 4 оқушы кеткен болатын. Солардың ішінде №6 Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Байбутаев Қанатжан жеңімпаздар тізіміне еніп, ауданымыздың мәртбесін биіктен көрсетті. Аталмыш слет нәтижесінде Түркістан облысынан 8 оқушы 100 жеңімпаз қатарына қосылып, 2020 жылы Бурабайда ашылатын «IQanat Kazakh-English High School» мектебінде білім алуға іріктелініп алынды.
Жеңімпаз Байбутаев Қанатжанды жеңісімен құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз.

 

 

Пікір жазу