Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ШАҺАР БАСШЫСЫНЫҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ШАҺАР БАСШЫСЫНЫҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА

Арыс қаласында болған төтенше жағдайдың салдарын жою, тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын күнделікті жіті бақылау қала әкімі М.Қадырбектің күн тәртібіндегі басты мәселе.

Бүгін Арыс қаласының әкімі Мұрат Болатұлы Алматы облысы мен Бәйдібек ауданына бекітілген 15-секторда атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, тұрғындармен кездесіп, өтініштерін тыңдады.

Сондай-ақ, шаһар басшысы М.Қадырбек аталған сектордың тиісті құрылыс саласына жауапты мамандарына жұмыс қарқынын күшейтіп, құрылыс барысын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Аталған секторда жалпы саны 854 тұрғын үй бар, оның 802-і зақымданған, 2 үй тұруға жарамсыз деп танылған. Қазіргі таңда 510 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталып, 258 зақымданған үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде, құрылыс жұмыстарына 541 адам тартылған.

Төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында шахар үлкен құрылыс алаңына айналып, көптеген нысандар мен жеке тұрғын үйлер жаңа кейіпке енуде.

Жуық арада сүйікті Арысымыз өз қалпына келіп, еліміздегі алдыңғы қатарлы аймақтардың біріне айналары сөзсіз.

Пікір жазу