Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚҰРБАН АЙТ — РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ МЕЙРАМЫ

ҚҰРБАН АЙТ — РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ МЕЙРАМЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекітуімен тамыз айының 11-і күні ел азаматтары қасиетті Құрбан айт мейрамын тойлады. Исі мұсылман қауымға исламдағы 5 парыздың бірін өтеу осы айда бұйырылған. Әуелі қала тұрғындары айт намазын өтеуге орталық Ақмешітке ағылды.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Ибрахим пайғамбардың заманынан бастау алатын мейірім мейрамын қазір жер бетіндегі 2 миллиардқа жуық  адам атап өтеді. Айттың алғашқы күні жамағаттың бір сапта тұрып, намаз оқып, саулық сұрасуы мейрамның маңызын айшықтайды. Асыл пайғамбарымыздың хадистерінде екшелген ең басты мақсат — араздасқан бауырлардың арасын жақындату. Жетім-жесірдің ақысын беру.

Мұсылман баласы Алланың ризашылығы үшін құрбандық шала отырып, жаратқан Иесіне жақындайды. Күнәларының кешірілуіне мүмкіндік алады. Айта кетейік, орталық мешітке жиналғандардың арасында жақында      ғана қызметіне кіріскен Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов та келді. Ақ тілегін айтып, мерекемен құттықтады.

Ислам ғасырлар бойы адамзаттың рухани тірегі болып келеді. Елбасы да бұған ерекше мән беріп, мұсылмандар мерекесінің мәртебесін көтеруге бастамашыл болды. Ендеше сәжде етіп, елдің амандығын сұраған қауымның тілегі қабыл болсын.

 

Пікір жазу