Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «…НАҒЫЗ ҚАЗАҚ – ДОМБЫРА»

«…НАҒЫЗ ҚАЗАҚ – ДОМБЫРА»

Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра! Қазығұрт ауданында Ұлттық домбыра күні аталып өтті. Сан ғасырдың сырын күмбірімен жеткізген ұлттық аспапты ұлықтау думаны орталық ауруханада жоғары деңгейде өтті.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

 Дала сарынын, көшпелі халықтың шежіресін шерткен көне аспап — қазақтың қасиетті құралы ғана емес. Талай кезеңдердің тарихи куәгері. Қара домбыра Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет заманынан бері қарай қазақ халқының тек шығармашылығында ғана емес, күнделікті өмірде де ерекше мәнге ие.

Мерекеге арналған негізгі шара  орталықтағы перзентханадағы жас босанған аналарды құттықтаудан басталды. Бала сүйіп, бақыт құшағына бөленген Жадыра Фазилова үшінші сәбиін бауырына басты. Шекесі торсықтай ұл баланы дүиенеге әкелді. Аудан билігі тарапынан сыйға тартылқан қазақтың қара домбырасы келіншектің көңілін көтеріп тастады. «Ұлым өскенде домбырашы болсын» деп ырымдады.

Ал, Ақбота Төлеген болса, алғаш рет ана атанып отыр. Ұлттық домбыра күні қарсаңында босанған ана перзентіне Ринат деп ат беріпті. Ақын болса, деген ниет.

Аталмыш мереке аудан көлемінде үлкен дәрежеде аталып өтуде.   Қазақстанда енді жыл сайын тойланатын болады. Айтулы дата аясында ұлттық аспапты ұлықтайтын шаралар кеңінен ұйымдастырылмақ.

Пікір жазу