Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ САЯСИ КЕҢЕСТЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ САЯСИ КЕҢЕСТЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық активінің мәжілісі өтті. Қала әкімі Ерлан Айтахановтың қатысуымен өткен жиында Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында қабылданған шешімдерден туындайтын міндеттер белгіленді.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Партия активінде сөз алған қала басшысы «Nur Otan» Партиясының кеңейтілген саяси кеңесінде Елбасы ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы қоғамда кең талқыланып, қолдау тауып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Ерлан Қуанышұлы мәслихаттағы 27 фракция мүшесі халықпен тығыс жұмыс істеп жатқанын айтып, мемлекет тарапынан жүзеге асып жатқан бағдарламалардың орындалуына партиялық бақылауды күшейтудің қажет екенін атап өтті.


— «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша кез келген азамат 3 айлық тегін кәсіби курстарын оқуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, жеке кәсіп ашуға 3 миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндігі бар. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған осындай мүмкіндіктерді пайдаланбай, қол қусырып жұмыс істемей үйде отыру — ол еріншектік пен қоғамдағы масылдықтың белгісі. Оңтүстіктің халқы әрқашан өзінің еңбекқорлығымен өзгелерге үлгі болған. Сондықтан, біз еріншектікке салынбай, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған барлық бағдарламаларды пайдаланып, жұмыс істеуіміз керек. Ал, партия мемлекет тарапынан жүзеге асып жатқан бағдарламалардың орындалуына партиялық бақылауды күшейтуі қажет деп санаймын. Барлығымыз бірлесіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге атсалысуға шақырамын, — деді қала әкімі.

Пікір жазу